Төртінші билік өкілі

Бұқара халық арасында баспасөз биліктің төртінші өкілі деп тектен-тек айтылмаған. Қазіргі демократиялық қоғамның болашағы түйткілді мәселелердің түйінін тарқатып, қаламын қару етіп жүрген журналистердің жауапкершілігіне тікелей байланысты деуге болады. Журналистердің жұмысы көзге көрінбесе де, қоғамға аса қажет, ақпараттық-идеологиялық, ұлттық қауіпсіздік мәселелерімен ұштасатын қызмет.
Бір қызығы, журналистер өзгенің мәселесін мемлекеттік деңгейге дейін жеткізе алса да, өз мәселесін көтере алмайтын халық. Биылғы пандемия кезінде медицина қызметкерлерінің жағдайын ескерген Үкімет дәрігерлердің баспана, төлемақы, өтемақы мәселелерін дұрыс шешіп берді. Қандай оқиға болса да, күннің ыстық-суығына қарамастан алдыңғы шепте жүрген журналистердің де мәселесі шешілсе дұрыс болар еді.
Өйткені, қарапайым тұрғындардың әл-ауқаты, бүгінгі өмірі және келешекке көзқарасы туралы мақалаларға қалам тербеп жүрген журналистердің қоғамының қалыптасуында еңбегі зор. Салмақты, сараптама жасалған, жан-жақты, шынайы мәліметтерді жеткізу бүгінгі бұқаралық ақпарат құралдарына қойылып отырған басты талап деп білемін. Сол себепті, осы сәтті пайдаланып, барлық журналистерді кәсіби мерекелерімен құттықтаймын. Қаламдарыңыз қарымды, қызметтеріңіз абыройлы болсын!
Шыңғыс ТӘШЕНОВ,
«Казахстанская правда»
газетінің меншікті тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар