Целиноград ауданының Қосшы кентінде өрт сөндіру бекеті ашылып, елді мекендерді өрттен қорғау жұмысы күшейтіле түсті.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт сөндіру бекеті Қосшы мен Тайтөбе ауылдарының және далалы орман массивтерінің өртке қарсы қорғанысын қамтамасыз етеді. Орталық қазандық аумағында орналасқан өрт сөндіру бекеті жылытылатын бокспен қамтамасыз етілген. Телефон байланысы жұмыс істейді, алты қызметкер және бір өрт сөндіру автокөлігі бар. Жаңадан құрылған команда тек өртті сөндіріп қана қоймай, сонымен бірге, аумақтағы өзге де төтенше жағдайларды жоюға қатысатын болады.
Аслан ОСПАНОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.
Целиноград ауданы.