Әл-Фараби философиясындағы грек ойшылдарының әсері

«Фәлсафаның шарықтауы» атты трактатында Әл-Фараби гректік, эллиндік, сириялық және мұсылмандық фәлсафаның тарихына сипаттама беріп, грек патшалары дәуірінен өзек алған бұл ғылымның Аристотель  қайтыс болғаннан кейін Александрияға жетіп Клеопатра (Египет перғауындарының әйел патшасы) көз жұмғанға дейінгі аралықтағы шарықтауын керемет баяндайды, – деп атап көрсетеді ХІІІ ғасырда өмір сүрген тарихшы Ибн Аби Усайбиа.

Бейрут университетінің профессоры Мажид Фахридің айтуынша өз заманында Әл-Фараби Рим императоры Августустан Александрия кітапханасынан Аристотель еңбектерінің көшірмесін  қарастыруын өтінген. Августус бұл өтінішті орындап, Бірінші ұстаздың бүкіл еңбектерін топтастырып, жинақтап білім алудағы негізгі құрал деп жариялапты. Аристотель еңбектерінің көшірмесін Александриядағы білім орталығына қалдырып, кейбір бөлімін Андроникстің көмегімен Римге алып кеткенге ұқсайды. Сөйтіп Египет пен Римде грек мұрасы насихатталып, христиандық кезеңге дейін талапкерлер тәлім алған.  Алайда, христиандық кезеңде Римде дәріс беру тоқтатылып, Александрияда ғана жалғасын табады.
Антика философиясы мифология мен заманауи ғылымның әсері арқылы дамыды. Бұл жөнінде Әбу Насыр Әл-Фараби «Философияны қалай дамыту керек»   атты қысқаша трактатында грекиядағы өмір сүрген барлық философия мектептері мен оның ізбасарлары туралы ерекше қарастырған тізімдемесін ұсынады. Пифагор негізін қалаған Пифагор мектебі, Аристиппус негізін салған Сиренай мектебі, Кристипус ізбасарлары туралы және осылардың ұстаздық қызметтері Афина храмында танымал болғандығын  ойшыл ерекше таңданыспен еске алып отырады. Отырарлық ойшыл көбінесе  Диоген негізін салған Циник мектебі туралы көп қалам тартқан. Бұл мектептің ізбасарларын тіпті Мажид Фахридің шығармаларында кездестіреміз. Бұл ағым жақтастары азаматтық борыш пен махаббатты көздің қарашығындай қорғаштаған.
Келесі мектеп өкілдерін Әл-Фараби Фурун негізін салған Скептиктер, кейде Неагаторлар деп көрсетеді. Осылармен салыстыру мақсатында болар, ойшыл Эпикур жақтаушылары Гедонистер туралы көбірек сөз қозғап, олар фәлсафаның мақсаты –білімге қызмет жасау арқылы ләззаттану деген пікіріне түсіндірме береді. Тізімдеменің соңында ойшыл Перипатетиктер немесе Платон мен Аристотель ізбасарларын ерекше ілтипатпен қайталап, олардың қызметіне ерекше баға береді. Екі дананың тарих сахнасындағы түбегейлі бетбұрыстары әлем дамуының бағытына жол салды. Сөйтіп Әл- Фараби екі дананың қаламынан туындаған біраз еңбектерді көрсетіп, салыстырма жүргізген.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар