Түрлі көлемдегі полиэтилен қаптарын шығарумен айналысатын «Новопэк» серіктестігі өнімдерін бүгінде еліміздің барлық аймақтарына шығарады және өндіріс көлемін жыл өткен сайын арттырып келеді. Атап өту керек, елімізде енгізілген төтенше жағдайларға қарамастан, кәсіпорын жұмысын тоқтатпастан, іркіліссіз өнім өндіруде.
Серіктестікте еңбек ететіндердің жартысынан көбі әйелдер. Өз жұмысын жетік білетін білікті мамандар аз емес. Солардың бірі – жоғары санатты тігінші Үрия Сұлтанова. 41 жыл еңбек өтілі бар ол аталмыш кәсіпорында 12 жылдан бері табан аудармай жұмыс істеп келеді. Биыл өндіріс көлемінің артуына байланысты қосымша жұмыс орындары ашылып, біраз жас мамандар жұмысқа келді. Тәжірибелі тігінші жас мамандарға ақыл-кеңесін беріп, қолдан келген көмегін жасауға әрдайым дайын тұрады.
Суретті түсірген Берік Ескенов.