Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Өкінішті-ақ!.. - АРҚА АЖАРЫ

Өкінішті-ақ!..

Дүниенің жалғандығын ұғындырып, күні кеше арамызда жүрген ардақты бір азамат Серік Зәйкешұлы Смағұлов та дүниеден озды. Осы бір азаматпен сонау Көкшетау облысының баспасөз саласында еңбек еткен жылдары таныс-біліс, сыйлас болдық. Ол біраз жылдар бойы, яғни, 1993 жылы Көкшетау облыстық әкімшілігінің баспасөз консультанты болып қызмет атқарды. Сол кездегі Көкшетау облыстық «Степной маяк» газетінде журналистік кәсіппен айналысты.
Барлық бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің сенімі мен сый-құрметіне бөленіп жүрді. Серіктің тағы да бір ерекшелігі қандай бір қызметте жүрмесін өзінің қарапайымдылығымен, кішілігі мен кісілігінен танбайтын еді. Әрдайым жылы жымиып, алдына баратын адамды жан жылуымен өзіне тартатын. Жан иесіне дауыс көтеріп, сес көрсетпейтін. Тіпті, өзі риза болмаған жайды да бір күліп қана қарсы ала білетін жайсандығы мол болатын.
Ол тәжірибелі маман болатын. Сол тәжірибелігін Ақмола облыстық «Акмолинская правда» газетінің бас редакторы қызметінде айқын таныта білді. Күнбе-күн тіршілігі таусылмайтын газет жұмысына әбден төселген Серік Зәйкешұлы өзінің ұжымымен шынайы тіл табыса отырып, баспасөздің алдына қойылып отырған міндеттерді орындауда зор жауапкершілік көрсетті. «Акмолинская правда» газеті қашан болсын осы Ақмола және Көкшетау өңірлерінің жақсы жаңалықтарын, еңбек озаттары, әлеуметтік-экономикалық дамудың өзекті мәселелерін шынайы көтеріп, әрдайым оқырман ықыласына бөленетін еді.
Соңғы бір жылда «Ақмола»-«Тіршілік» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құрамына қаратылған «Акмолинская правда» газетінің ұжымымен бірлесе жұмыс істеп келеміз. Серік Зәйкешұлы уақыттың талабын дұрыс түсіне білді. Сондықтан да, тез тіл табысып, бір мүдде жолында қалам тарттық, газеттерді шығардық.
Ол өзінің бар жарқын ғұмырын журналистикаға арнап өтті. Жазған дүниелері көңілден шығатын еді. Және де қазақ тілді материалдардың кез-келгенін орыс тіліне шебер аударып беріп отыратын. Бүгінгі Серіктің дүние салғандығы жөніндегі суық хабар біздің әрқайсымыздың жанымызды ауыртып, жүрегімізді сыздатады. Алайда, қайран қылар амал жоқ. Ендігі бар айтарымыз, жатқан жері жарық болып, соңында қалған отбасына, қалың еліне артының қайыр, жақсылығын берсін дейміз.
Өмірден бір ардақты азамат озды. Өкінішті-ақ!..
Жабал ЕРҒАЛИЕВ,
«Ақмола-«Тіршілік» серіктестігінің директоры.

Ақмола облыстық ардагерлер кеңесі белгілі журналист,, облыстық «Акмолинская правда» газетінің бас редакторы
Серік Зайкешұлы Смағұловтың
мезгілсіз қайтыс болуына байланысты оның жұбайына, балаларына, туған-туысқандарына қайғысына ортақтасып, көңіл айтады.

«Көкше-Полиграфия» және «САФ» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің ұжымы «Акмолинская правда» газетінің бас редакторы
Серік Зәйкешұлы Смағұловтың
қайтыс болуына байланысты отбасы мен туған-туыстарына орны толмас ауыр қайғыларына ортақтасып, көңіл айтады.

Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы «Акмолинская правда» газетінің бас редакторы
Серік Зәйкешұлы Смағұловтың
қайтыс болуына байланысты отбасы мен туыстарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтады.

Ақмола облысының прокуратурасы белгілі журналист, облыстық «Акмолинская правда» газетінің бас редакторы
Серік Зайкешұлы Смағұловтың
мезгілсіз қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасына, туған-туысқандарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтады.

«Ақмола-«Тіршілік» серіктестігінің «Арқа ажары», «Акмолинская правда» газеттері және ақпараттық-аналитикалық орталығы, «Agmolanews.kz» ақпараттық агенттігі ұжымдары «Акмолинская правда» газетінің бас редакторы
Серік Зәйкешұлы Смағұловтың
қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасына, ағайын-туыстарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтады. Абзал азаматтың есімі біздің есімізде сақталатын болады.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар