Нан өнімдері әрдайым жеткілікті әрі сапалы болады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында мемлекетіміздің жаңа экономикалық бағытының жеті қағидатын атап көрсетті. Соның ең алғашқыларының бірі – «Жеке кәсіпкерліктің жетекші рөлі».

«Бұл ретте біз бәсекеге қабілеттілігімізді көрсететін артықшылығымызға және нақты мүмкіндіктерімізге сүйенуіміз керек. Қазақстанның алдында тұрған аса маңызды міндет – өнеркәсіптік әлеуетімізді толық пайдалану. Осы саладағы табыстарымызға қарамастан, ішкі нарықтың зор мүмкіндіктерін әлі де болса толыққанды жүзеге асыра алмай келеміз. Өңделген тауарлардың үштен екісіне жуығы шетелден әкелінеді, – деді Президентіміз.
Біздің кәсіпорын бүкіл облыс тұрғындарына кеңінен танымал. Қазіргі уақытта біз 130-дан астам нан және кондитер өнімдерін шығарамыз, облыстың 8 аймағында 644 дүкенді нан және нан-тоқаш өнімдерімен қамтамасыз етеміз.
Пандемия кезінде көптеген кәсіпорындар секілді біз де белгілі бір қиындықтарға тап болдық, мысалы, өнімді жеткізу бойынша. Бірақ, облыстық әкімдіктіктің қолдауымен бәрі жедел шешілді. Төтенше жағдай кезеңі мен кейінгі карантин компанияның баға саясатына әсер етпегенін атап өткім келеді. Әлеуметтік нанның бағасын біз екі жылдан астам уақыт бойы 70 теңге көлемінде ұстап келеміз.
Тамақ өнеркәсібінің өкілі ретінде мені елімізде алғаш рет «Өнеркәсіп саясаты туралы» заң жобасы әзірленетіні қуантады. Мұндай деңгейдегі жеке салалық құжат әлбетте, өңдеуші өнеркәсіптің дамуына ықпал ететіні сөзсіз. Өнеркәсіпті, шағын және орта бизнесті қолдауға мемлекет тарапынан шаралар қолға алынуда. Мәселен, пандемия кезеңінде кәсіпкерлерге салықтық жеңілдіктер беріліп, несиені төлеу мерзімі шегерілді және де несиелерін жеңілдікпен қайта қаржыландыру мүмкіндіктері ұсынылды. Осы көмектерді нақты сезініп жатқан жайымыз бар. Салықтық жеңілдіктер қызметімізге айтарлықтай көмегін тигізуде.
Осы ретте, мемлекет тарапынан отандық тауар өндірушілерді қолдауға зор көңіл бөлініп келе жатқанын айтқым келеді. Үстіміздегі жылдың шілде айында өзіміз шығаратын нанға СТ-КЗ сертификатын алдық. Бұл бізге мемлекеттік сатып алуларға басымдықпен қатысуға, яғни, өтім нарығын кеңейтуге мүмкіндік береді.
Президент Жолдауында жаңа шаралардың толық кешені қарастырылған. Мемлекет басшысы шағын және орта бизнеске қосымша көмек ретінде экономиканың зардап шеккен салаларындағы кәсіпкерлердің қазіргі барлық несиелерінің 6 пайызға дейінгі жылдық мөлшерлемесі бойынша мемлекеттік субсидия беруді тапсырды. Субсидиялау төтенше жағдай жарияланған сәттен, яғни, биылғы 16 наурыздан бастап 12 айлық кезеңді қамтиды.
Сондай-ақ, Президентіміздің азаматтарымыздың әлеуметтік жағдайын жақсартуға қатысты белгілеген міндеттері ерекше әсер қалдырды. Айтқандарының барлығы да орынды, себебі, Жолдаудағы міндеттер еліміздің әрбір азаматына, соның ішінде біздің кәсіпорын жұмысшыларына да қатысты. Биылғы жылдың өзінде облысымызда көптеген ойын алаңдары салынып, жолдар, әлеуметтік нысандар жөндеуден өткізілуде. Осының барлығы халықтың өмір сапасын жақсартуға ықпал ететіні сөзсіз.
Біздің зауыт ұжымы Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында айтылған бастамаларын толық қолдайды. Президент экономикалық дамудың дұрыс жолын айқындады деп білеміз және Жолдауды іске асыру жөніндегі біздің ортақ жұмысымыз табыс боларына және Қазақстанның одан әрі өркендеуіне игі ықпалын тигізеріне сенімдіміз.
Сәуле СОБОЛЕВСКАЯ,
«Ақсай» ННК» серіктестігі «Ақсай Нан – Көкшетау» Ақмола облысы бойынша филиалының директоры.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар