Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Күрделі кезеңде халықтың жағдайын ойлау – басты міндетіміз - АРҚА АЖАРЫ

Күрделі кезеңде халықтың жағдайын ойлау – басты міндетіміз

Әлемдегі коронавирустық пандемия, экономикалық құлдырау, карантиндік шектеулер біздің өмірімізге айтарлықтай өзгерістер енгізді. Осындай сын-қатерлерге дер кезінде жауап беру керек, десе де себеп-салдарын болжау мүмкін емес. Ел азаматтарына лайықты өмір сүру деңгейін қамтамасыз ету – кез-келген мемлекеттік құрылымның, әсіресе, біздің басқарманың басты міндеті.

Елімізде төтенше жағдай режимі мен шектеу шараларын енгізу кезінде облыс бойынша жұмыспен қамту орталықтарының қызметкерлері кедейшілік пен жұмыссыздыққа қарсы күрестің алдыңғы қатарында болды. Мемлекеттік органдардың алдында күрделі міндет тұр. Ол адамдардың денсаулығын сақтау ғана емес, дағдарыс кезінде өмір сүру қаражатынсыз қалмауға көмектесу. Тек біздің өңірде ғана 170 мың адам табысынан айырылуына байланысты 42500 теңге әлеуметтік төлемге өтініш беріп, оны 167 мыңы сол көмекті алып отыр. Төлемдердің жалпы сомасы облыс бойынша 17,8 миллиард теңгені құрайды. Төтенше жағдай және шектеу іс-шаралары кезінде біздің облыста 35,5 мыңнан астам адам азық-түлік жиынтығымен қамтамасыз етілді. Олардың ішінде атаулы әлеуметтік көмек алушылардың отбасыларынан 3,5 мыңнан астам бала, ерекше қажеттіліктері бар 2600 бала және олардың ата-аналары, барлық жастағы мүгедектігі бар 24 мыңнан астам адам, 2,2 мыңнан астам жұмыссыздар бар. Осы мақсаттарға республикалық бюджеттен төленетін төлемдер 685 миллион теңгені құрады. Мұның бәрі мемлекеттің өз азаматтары алдындағы зор жауапкершілігін көрсетеді.
Адамдармен тікелей жұмыс жасай отырып, әсіресе, пандемия кезінде табыс көзінен айырылған адамдарда еңбекке деген көзқарас қалай өзгергені байқалды.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолда-
уында айтқандай, «Адамдарды жалпы ішкі өнімнің абстрактілі өсуімен қуанта алмайсың, оларға тұрақты жұмыс орындары, жақсы жолдар, ауруханалар мен мектептер, сапалы азық-түлік қажет». Ал, жұмыс орындарымен қамтамасыз ету – біздің бүгінгі жұмысымыздың маңызды бағыты. Жалпы экономикалық құлдырауға қарамастан, біздің елімізде және аймақта жұмыс орындары ашылуда. «Жұмыспен қамту жол картасы» және «Еңбек» мемлекеттік бағдарламалары іске асырылуда». Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында 11 мыңнан астам жұмыс орнын құру жоспарланған, оның ішінде 5 мыңнан астамы – халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы жүзеге асырылды. Осылайша облыста 327 инфрақұрылымдық жоба іске асырылып, 100 пайыз келісім-шарттар жасалып, 126 жоба аяқталды. Бүгінде 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылса, бұл жылдық жоспардың 74,5 пайызы.
Биыл жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған тоғыз жарым мың ақмолалық Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына қатысуға тиіс. Қазіргі таңда оған 9 мыңнан астам адам тартылды, бұл жоспардың 98 пайызы орындалды деген сөз.
Бүгінде жоспарланғандай, 1190 мектеп түлегі колледждерде оқуға кірісті. Қысқа мерзімді оқытумен 665 адамды қамту жоспарланған болатын, ал, 731 адам оқуын бастап кетті.
Шағын бизнес пен кәсіпкерлікті дамыту аясында біз үлкен түсіндіру жұмыстарын жүргізудеміз. Биылғы жылы өз ісін дамытуға 3 461 миллион теңге сомасына 803 микрокредит беру жоспарланып отыр. Осы жоспардың 60 пайызын орындадық, яғни, 521 шағын несие берілді. Несиелердің көпшілігі ауыл тұрғындарына арналған, жеңілдетілген шарттармен берілген ақшаға ауыл тұрғындары шағын кір жуатын орын, кондитерлік дүкен, техникалық қызмет көрсету орындарын аша алады немесе мал сатып ала алады. Тәжірибе көрсеткеніндей, ондаған отбасы үшін бұл тұрақты табыс көзіне айналып, өмірлік қиын жағдайдан шығуға көмектесуде. Ақмолалықтарға өз бизнесін ашуға мемлекеттік гранттар көп мүмкіндіктер береді. Бұл арқылы жеке бизнес тезірек дамиды. Биыл жоспарланған 640 гранттың 586-сы, яғни, бұл 313 миллион теңгеден астамы берілді.
«Еңбек» бағдарламасының үшінші бағыты бойынша азаматтар жұмыспен қамтудың белсенді шаралары арқылы жұмысқа орналаса алады. Бұл ретте де жылдық жоспар асыра орындалуда. Жастар тәжірибесіне жоспар бойынша 727 адамның орнына 844 адам жіберілсе, әлеуметтік жұмыс орындарына – 518 (жоспар бойынша – 466) жіберіліп отыр. Қоғамдық жұмыстарда 3161 адам еңбек етеді, ал, жалпы бір жылға 3180 адам тарту жоспарлануда.
Жұмысқа орналастыру – бұл мемлекеттен атаулы әлеуметтік көмек тағайындау кезіндегі міндетті критерийлердің бірі. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мұндай көмек масылдықты тудырмай, еңбекке ынталандыру керектігін бірнеше рет әділ атап өтті. Мұндай төлемдерді көрсетудің қазіргі форматы барынша әділ әрі ойластырылған деп есептеймін. Жыл басынан бері атаулы әлеуметтік көмекке 3232 өтініш қабылданды. 2726 отбасына (оның ішінде 809 көп балалы) жәрдемақы тағайындалды, оларда 8,5 мыңға жуық бала тәрбиеленуде. Бүгінгі күні бұл отбасыларға 743,4 миллион теңге төленсе, АӘК шеңберінде үш жастан алты жасқа дейінгі 3600 балаға өнімдер мен гигиеналық құралдардан тұратын кепілдендірілген әлеуметтік пакет берілді.
Мемлекеттік қаражатты тағайындаумен және төлеумен айналыса отырып, біздің басқарма азаматтарға қызмет көрсету сапасын жақсартумен, айқындық пен ашықтыққа қол жеткізумен тұрақты түрде жұмыс істейтінін атап өткен жөн. Бұған көп жағдайда біздің көптеген қызметтерімізді электрондық форматқа ауыстыру ықпал етеді. Атап айтқанда, 2021 жылы мүгедек адамдарды қажетті оңалту құралдарымен қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер толығымен электрондық порталға ауыстырылатын болады. Азаматтар өздеріне қажетті құралдарды өздері таңдайтын болады, ал бұл мемлекет ұсынатын тауарлардың сапасына және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шағымдар бірнеше есе аз болады дегенді білдіреді. Мұнымен бірге, біздің басқармада сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыс жүргізілуде. Тәуекелдерді бағалау жүргізіледі, сенім телефоны жұмыс істейді, сайтта басшының кірістері туралы ақпарат жарияланады.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында азаматтың цифрлық «Әлеуметтік әмиянын» енгізу, сондай-ақ, тиісті тауар өткізу жүйесін құру қажеттігін атап өтті. Бұл шаралар біздің жұмысымызды айтарлықтай жеңілдетуге және халыққа қызмет көрсету сапасын жақсартуға көмектеседі деп ойлаймын. Осы міндеттерді іске асыру үшін Президент Үкіметке тапсырған әлеуметтік кодекс те жұмыс істейтін болады. Осы өзгерістердің бәрінің мақсаты бір, яғни, әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін реттеуді оңайлату, бұл саланы азаматтарға түсінікті әрі қолжетімді ету. Ортақ күш-жігерімізбен біз бұған қол жеткізе алатынымызға сенімдімін.
Дина АХМЕТЖАНОВА,
Ақмола облыстық жұмыспен қамтуды және әлеуметтік
бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар