Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Озат әрі іскер тігінші Айнагүл Сейітова - АРҚА АЖАРЫ

Озат әрі іскер тігінші Айнагүл Сейітова

«Тыныс» акционерлік қоғамы шығарған өнімдер облысымызға ғана емес, республика аумағына кең танымал. Нарық талабына бейімделген кәсіпорын сұранысқа ие тауарларды шығаруды жолға қойған. Содан болар, өнімді өткізуде еш қиындық жоқ.
Биыл көктемде коронавирус дертіне байланысты бетпердеге деген сұраныс туған кезде, кәсіпорын осы өнім түрін шығаруды алғашқылардың бірі болып жедел қолға алды. №9 тігін цехы бетперде шығаруды жолға қойды. Цехта бүгінгі күні 57 тігінші еңбек етеді. Олардың бәрі дерлік әйелдер. Мұнда өз істерін жетік білетін білікті мамандар аз емес. Солардың бірі Айнагүл Сейітова. Ол Көкшетау қаласындағы №11 кәсіби лицейді бітірген соң өз мамандығына сай осы кәсіпорынға жұмысқа орналасқан еді. Алғашқы күннен бастап өзін жақсы қырынан көрсеткен маман көп ұзамай өз ісінің кәсіби шеберіне айналды. Содан бері алты жылдай уақыт өтіпті. Өз жұмысын шебер меңгерген тігінші жаңадан келген жас мамандарға білгенін үйретуден жалыққан емес.
Суретте: тігінші Айнагүл Сейітова.
Суретті түсірген Берік Ескенов.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар