Қазақ білсін!

Үкіні не үшін қасиет тұтамыз?

Қазақ халқының ұғымында үкі – «жын періні қуатын құс». Сондықтан да үкі қауырсыны сәби ұйқысы тыныш болсын, жын-шайтаннан қорғасын деп – бесікке, бақыт әкелсін деп – қыздардың сәукелесіне, екі жастың шымылдығына, табысты етсін деген ниетпен сал-серілердің домбырасына да тағылған.
Баланы сүндетке отырғызғанда, ашамайға мінгізгенде «тіл-көзден сақтасын» деп, тақиясына үкі таққан. Тіпті, үкі қауырсынын ертеректе батырларымыз найзаға да таққан. Оны Қазыбек бидің «Біз қазақ деген мал баққан елміз. Ешкімге соқтықпай, жай жатқан елміз. Елімізден құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау шаппасын деп, найзаға үкі таққан елміз» деген сөздерінен білеміз.

Үкімен байланысты қандай салт-дәстүр, әдет-ғұрып бар?

«Қазақ энциклопедиясында» үкі тағу салты туралы айтылады. Бұл – қызға құда түскенде оның айттырылған қалыңдық болғандығының белгісі ретінде берілетін кәделердің бірі. Қыз бен жігіттің көңіл күйін орнықтыратын бұл ғұрып халқымызда «қарғыбауын» деп те аталады. Жаушыдан жақсы хабар алған соң, жігіттің ата-анасы болашақ келінінің үкісін арнаулы әзірленген үкілі тақия, білезік сырға, бір киер бағалы киім алып, құдаларына асыл кезмеден киіт әзірлеп, қарғыбауға байлайтын бір атын жетектеп, жаңа құданың үйіне барып, «үкі тағу» салтын өткізеді.
Үкінің қауырсынын алу үшін оны өлтірмейді. Өлтірген адамды киесі ұрады деген түсінік бар. Үкіні аулап ұстап, балақ жүні мен бауыр төсінің жүнін алып, өзін жемге тойғызып қоя берген. Мұны «үкі жүндеу» деп атайды. Үкі жүндеген ауылдан «олжа алу» салты да болған. Ал көз тиіп, сұқ қадалмасын деген ниетпен көпшілік алдына шығатын әншілер, бишілердің бөркіне, камзолына, бесікке, домбыраға үкі таққан.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар