Жанының жылуы мол Анаргүл

Халықпен тығыз байланыста жұмыс істейтін мамандықтың бірі – әлеуметтік қызметкер. Жалғыз басты, қиын өмірлік жағдайда қалған, мүмкіндігі шектеулі жандардың тағдыры көп жағдайларда осы бір ізгі мамандық иелеріне тәуелді болып жатады.

Жарымжан жандармен жұмыс істеу әлеуметтік қызметкерден жоғары кәсібилікті, сонымен қатар әлеуметтік қызмет алушының көңілінен шығу үшін бойында асқан адамгершілік қасиеттердің болуын талап етеді. Жарымжан жандармен жұмыс істеу әлеуметтік қызметкерден жоғары кәсібилікті, сонымен қатар әлеуметтік қызмет алушының көңілінен шығу үшін бойында асқан адамгершілік қасиеттердің болуын талап етеді. Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары Анаргүл Советқызы әлеуметтік қорғау саласында  ұзақ жыл табан аудармастан қызмет етіп келе жатқан білікті маман. Бұған дәлел кәсіби мерекесі қарсаңында Анаргүл Советқызының Ақмола облысы әкімінің Алғыс хатымен марапатталуы.   –2004 жылдан 2019 жылға дейін әлеуметтік қызметкер болып жұмыс істедім. Қазіргі таңда жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары қызметін атқарып жатырмын. Әлеуметтік қызметкер болып жұмыс істеген кезімде үйде арнайы әлеуметтік қызмет көрсеттім. Нақтырақ айтсам, менің қарамағымда 10-ға жуық мүмкіндігі шектеулі бала болды, – деген  Анаргүл Советқызы бүгінгі таңда Степногорск қаласында 2400-ден астам мүмкіндігі шектеулі жандар тұратынын, оның 236-сы 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер екенін айтты. Степногорск қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жанында жалғызбасты қарттарға әлеуметтік қызмет көрсететін екі бөлімше бар. Салада  24 әлеуметтік қызметкер жұмыс атқаруда. 170-тен астам жалғызбасты, мүмкіндігі шектеулі қартқа әлеуметтік қызмет көрсетілуде. Және де 18 жасқа дейінгі 60 бала үйде арнаулы әлеуметтік қызмет алады.     –Кез-келген мамандықтың өз қиындығы болады. Мүмкіндігі шектеулі жандар, жасы үлкен адамдар көп қамқорлықты қажет етеді.  Осындай халықтың әлеуметтік әлжуаз тобымен жұмыс істегеннен кейін өз басым әр әлеуметтік қызмет алушының көңіліне қарап тұрамын, қолымнан келгенше көмектесуге тырысамын. Алдымызға келген тұрғындарға жұмыспен қамту, кәсіпкерлікпен айналысу жөніндегі  мемлекеттік бағдарламаларды егжей-тегжейлі түсіндіріп, халықтың әлеуметтік жағдайын көтеруге атсалысып жатқан жайымыз бар, – деді Анаргүл Советқызы.

Венера ТАЛҒАТҚЫЗЫ,

«Арқа ажарының» өз тілшісі.Степногорск қаласы.

Суретте: әлеуметтік саланың бір топ озат қызметкерлері (солдан оңға қарай): Бурабай ауданы Щучинск қаласының арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының санитары Тоғжан Серкібаева, осы орталықтың қойма меңгерушісі Шәрипа Жұмағалиева; Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары Анаргүл Мұхамедғалиева, Көкшетау қаласындағы арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының санитары Бибігүл Ғабдрашитова және осы орталықтың аға медбикесі Алтынсара Бағаналинова.
Суретті түсірген Берік Ескенов.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар