Карантинге түсіністікпен қарайық

Елімізде карантин режимі енгізілгеніне де міне жарты жылдан астам уақыт өтті. Пандемияны тоқтату мақсатында мемлекетіміз қатаң шараларға баруға мәжбүр болып отыр. Барша жұртшылық соған түсіністікпен қараса екен деймін.

Пандемия белең алған кезде қалалар карантинге жабылып, жүріп-тұру тоқтаған болатын. Қазір олай емес. Қалаған жерімізге барып келіп жүрміз. Жұмыс күндері сауда үйлері де ашық, қоғамдық көлік те қатынайды. Тек, демалыс күндері шектеулер бар. Бұның бәрі халық арасында індеттің кең тарап кетпеуі үшін жасалып жатқанын түсінетін сәт әлдеқашан келді емес пе? Карантин шаралары күшейтілсе осы біздің даурығып шығатынымыз қалай?

Ата заңымызда жазылғандай, мемлекет адам өмірін, денсаулығын бірінші кезекке қойып отыр. Егер, әркім өз мүддесін ғана ойласа, онда біз әлдеқашан індет ошағына айналар едік, талай отбасы жақындарынан айырылып, қара жамылып отырар еді. Шыдамдылық танытайық. Бұл күндер де өтер. Баршамыз санитарлық шараларды сақтап, алдағы күндерге аман-есен жетуді ойлайық. Әсіресе, зейнеткерлер денсаулықтарына барынша абай болғандары жөн. Себебі, біз қауіпті топтамыз. Жақындарымызға жанашыр болайық!

Ғалихайнар Жоламанов,

Зейнеткер.

Көкшетау қаласы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар