Кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан әрдайым қолдау көрсетіледі

Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Үкіметі мен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бірлескен жұмысына жоғары бағасын берді. «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының VII съезіне Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, Премьер-Министр Асқар Мамин, «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиумының төрағасы Тимур Құлыбаев, «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқармасының төрағасы Абылай Мырзахметов қатысқан съезд онлайн режимінде өтті.

Съезд жұмысына Ақмола облысынан облыс әкімі Ермек Маржықпаев, өңірлік палатаның директоры Ақылбек Смағұлов, өңірлік кеңестің төрағасы Әсен Жақсылықов және өңірлік кеңестің мүшелері қатысты.
– Соңғы бес жылда еліміздің экономикасында шағын және орта бизнестің үлесі 24 пайыздан 32 пайызға дейін көбейді. Кәсіпкерлік саласында жұмыс істейтін адамдар саны 2,8 миллионнан 3,4 миллионға немесе 21 пайызға өсті. Бүгінгі күні қамтылғандардың 40 пайызға жуығы шағын және орта бизнесте жұмыс істейді. Бұған мемлекет пен бизнесті біріктіретін Ұлттық палата үлкен үлесін қосты. Кәсіпкерлер құқын қорғау үшін менің тапсырмам бойынша заң жүзінде «адал бизнестің презумпциясының» қағидаты бекітілді. Бұл барлық даулы мәселелерді кәсіпкерлердің пайдасына шешуге мүмкіндік береді. Осы заңнамалық өзгеріс тиісті сот тәжірибесінде қолдау табады деп үміттенемін. Биылғы жылдың 1 қаңтарынан бастап менің Жарлығыммен шағын және ұсақ кәсіпкерлікті тексеруге үш жылға мораторий енгізілді. Нәтижесінде, мұндай субъектілерді тексеру саны 8 есеге азайды, – деп атап өтті Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.
Қазақстан Республикасы «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиумының төрағасы Тимур Құлыбаев пандемия кезінде қазақстандық кәсіпкерлердің алдынан шыққан негізгі мәселелерге тоқталды.
«Биылғы 2020 жылғы пандемияның әсері көп болды. Ұлттық палата жүргізген сауалнама нәтижесі бойынша пандемияның еліміздегі 1 миллион кәсіпкерге кесірі тиді. Оның ішінде әсіресе, көлік, сауда саласы зардап шегіп, сауда айналымы 10-17 пайызға төмендеді. Шамамен 1,6 миллион қызметкер ақысыз демалысқа жіберілді. Мемлекет басшысының кешенді қолдау шаралары зардапты жеңілдетуге мүмкіндік берді. Барлығы 15 мыңнан астам кәсіпкер несие бойынша төлемдерді кейінге қалдыру жеңілдігін алды. Үкіметтің жедел қолдау шаралары оң әсерін тигізді. «Атамекен» күн сайын мемлекеттік органдармен төтенше жағдай режимі енгізілгеннен бері бүгінгі күнге дейін жағдайды бақылап отыр», – деді Қазақстан Республикасы «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиумының төрағасы Тимур Құлыбаев.
Еске сала кетсек, «Атамекен» алғашқы күннен бастап, тұрақты түрде өңірлердегі жағдайды бақылап отыру үшін кәсіпкерлерден сауалнама алып отырды. Суалнамадағы барлық мәліметтер Үкіметке жолданды және еліміздегі кәсіпкерлерге қолдау көрсету шаралары дер кезінде қолға алынды.
Дағдарысқа қарсы шаралардан басқа, «Атамекен» басшысы Ұлттық палата алдына қойып отырған ұзақ мерзімді міндеттерді, оның ішінде 860 мыңнан астам кәсіпкерлік субъектілеріне немесе әрекет етуші кәсіпкерлердің жалпы санының 66 пайызына қатысты болатын «таза парақтан» реттеуді енгізуге қатысуды атап өтті. Ұлттық палата жұмыспен қамтуды ресмилендіру және көлеңкелі экономиканы төмендететін жаңа Салық кодексіне қатысты ұсыныс дайындады. Өңірлерде бизнесті несиелендіру және кәсіпкерлерді қолдау мәселесі жеке көтерілді. Мемлекет басшысының «Бизнеске арналған үкіметті» іске қосу жөніндегі тапсырмаларын орындау мақсатында біз бизнестің цифрлық экожүйесін құру жөніндегі жұмысты жалғастырудамыз, онда кәсіпкерлер үшін онлайн форматта қызметтер кешені қарастырылған сондай-ақ, өтініштер жолдай алады және кері байланыс бар», – деп атап өтті Тимур Құлыбаев.
«Мемлекет басшысы алдағы жылға нақты міндеттер қойып отыр. Үкіметке бизнеспен бірлесіп, таяудағы бесжылдықта АӨК дамыту жөніндегі жобаны әзірлеу тапсырылды. Яғни, пандемия кезінде бизнестің мүдделері ескеріледі. Егер жаңа бағдарлама қаржы ресурстарымен нығайтылатын болса, бұл ауыл шаруашылығын, агроөнеркәсіптік өндірісті дамытуға серпін беріп, шығарылатын ауыл шаруашылығы өнімінің көлемін ұлғайтуға және оның экспортын арттыруға мүмкіндік береді», – деп атап өтті өңірлік кеңестің төрағасы, «Көкшетау сүт зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Әсен Жақсылықов.
Кездесу соңында Қазақстан Республикасының Үкіметі мен «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы арасында мемлекеттік органдар мен ұлттық палаталардың ақпараттық жүйелерін интеграциялау бойынша өзара іс-қимыл туралы қолданыстағы келісімге қосымша келісімге қол қойылды.

Atameken.kz материалы бойынша.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар