Ақмола облысы тұрғындары арасында COVID-19 инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында облыстың бас санитарлық дәрігері Айнагүл Мусина карантиндік шараларды күшейтуге арналған жаңа қаулыға қол қойды. Аталған қаулыға сәйкес, облыс аумағындағы карантиндік шектеулер күшейтілетін болады.
Ақмола облысының аумағында шаруашылық және өзге де қызметтерді эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін шектеу іс-шаралары қамтылады. Әрбір азамат жеке қорғаныш құралдарын қолданудың алгоритмін және кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтаулары тиіс. Жергілікті атқарушы, құқық қорғау органдарының, жедел және шұғыл медициналық көмек, мемлекеттік медициналық мекемелердің, санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің, өрт сөндіру, апаттық-құтқару және апаттық-техникалық қызметтердің қызметкерлерін, әскерге шақырылушыларды жергілікті әскери басқару органдары қызметкерлерінің ілесіп жүруімен, сондай-ақ, стратегиялық объектілер мен тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің өндірістік процесін қамтамасыз ететін қызметкерлерді қоспағанда, сағат 21:00-ден 06:00-ге дейін Ақмола облысының елді мекендерінде тұрғындардың жүріп-тұруы шектеледі.
Азық-түлік, бірінші кезекте қажетті тауарлар, дәрі-дәрмек және медицина бұйымдарын сатып алу, шұғыл жағдай бойынша медициналық мекемеге баруды қоспағанда, 65 жастан асқан адамдарға себепсіз үйлерінен шықпауға кеңес беріледі. Әлеуметтік қашықтықты және жеке қорғаныш құралдарын қолдану мен кәдеге жаратуды сақтай отырып, саябақтарға, алаңдарға, скверлерге және өзге де демалыс орындарына 3 адамнан артық емес немесе бір отбасы мүшелеріне баруға рұқсат. Отбасылық, естелік іс-шараларды (банкет, үйлену той, мерейтой, дұға) және көпшілік жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге тыйым салынды. Жерлеу іс-шараларын жүргізу кезінде кемінде 2 метр қашықтықты сақтай отырып, 30 адамнан артық жиналуға болмайды.
Көкшетау қаласының әкімдігі Полиция департаментімен бірлесе отырып, Көкшетау қаласының карантиндік аймағы уақытша орнатып, санитариялық бекеттерді құрады. Қаулыға сәйкес, көпшілік іс-шараларды (мерекелік, спорткөпшілік, ойын-сауық мәдени-көпшілік іс-шараларды, форум, конференция, семинар, көрме және т.б. өткізуге), отбасылық, естелік іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, дұға) және көпшілік жиналатын өзге де іс-шараларды, оның ішінде үйде өткізуге тыйым салынады. Ойын-сауық мекемелерінің, букмекер кеңселерінің және ересектер мен балаларға арналған өзге де ойын-сауық орындарының, кальян мекемелерінің, фудкорт, банкет залдарының қызметі тоқтатылады.
Спортшылардың Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде оқу-жаттығу жиындары мен жарыстарға қатысуға шығуына тыйым салынады. Бетпе-бет жиналыстарды өткізуге болмайды. Діни, мәдениет объектілерінің, кітапханалар, мұражайлардың қызметі тоқтатылады. Бекітілген кесте бойынша санитариялық күн өткізе отырып, азық-түлік дүкендерінің жұмысы сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін шектеледі. Ақмола облысы полиция департаменті бекіткен тізім бойынша такси қызметінің жүріп-тұруы (2 адамнан артық емес) сағат 21:00-ден 06.00-ге дейін шектеледі.
Азық-түлік емес және жабық азық-түлік базарларының, ауданы 800 шаршы метрден аспайтын сауда ойын-сауық орталықтарының, сауда объектілерінің қызметі жұмыс күндері сағат 10:00-ден 19.00-ге дейін шектеледі. Демалыс және мереке күндері жұмыс істемейді. Көпшілік жиналатын салтанатты, отбасылық, естелік, ұжымдық және басқа да іс-шараларды өткізбей, бір мезгілде 30 келушіден артық емес, 30 келушіге дейін орналастыра алатын объектілер үшін – есептік қуаттың 50 пайызынан артық емес, үстел арасындағы қашықтық 2 метрден кем емес және келушілер арасында 1 метрден кем емес қашықтықты сақтап, жұмыс тәртібін сағат 08.00-ден 19.00-ге дейін шектей отырып, үй-жайларда қоғамдық тамақтандыру объектілерінің қызметіне рұқсат берілді.
Әлеуметтік арақашықтық пен санитарлық талаптарды сақтай отырып, сұлулық салондарының, шаштараздардың, СПА орталықтарының және косметологиялық қызмет көрсететін объектілердің, фитнес-орталықтары, тренажер залдары мен спорттық-сауықтыру орталықтарының қызметіне сағат 08.00-ден 19.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етілді, бірақ жексенбі күндері олар жұмыс істемейді. Қоғамдық көліктердің (қарбалас сәтте автобустар санының артуы, кондуктордың болуы, соңғы аялдамада дезинфекциялық құралдармен өңдеу, барлық есіктердің ашылуы, отыратын орын саны бойынша толықтырылуы) жұмыс режимі сағат 08.00-ден 20.00-ге дейін рұқсат етілді. Демалыс және мереке күндері қоғамдық көліктер қатынамайды. Жеке автокөлікпен өңірлер арасында жүруге болады.
Халыққа қызмет көрсету орталықтары ХҚКО-ның жұмысы (дүйсенбі-жұма) сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, сенбі күндері сағат 9.00-ден 14.00-ге дейін ұйымдастырылады. Карантин шараларын қамтамасыз ету үшін ХҚКО-ға және арнайы ХҚКО-ға бару Egov.kz, телеграмм-бот EgovKZBot 2.0 арқылы алдын ала жазылу бойынша жүзеге асыруға болады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет орталықтарында мемлекеттік кіріс ғимараттарының қызметі жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс уақытын шектей отырып, ұйымдастырылады. Карантин шараларын сақтау үшін мемлекеттік кіріс органдарына (Көкшетау қ., Степногорск қ., Целиноград және Бурабай аудандары бойынша МКБ-ы www.kgd.gov.kz сайты, E-salyq мобильді қосымшасы арқылы) немесе қалған өңірлердегі аумақтық басқармалар алдын ала жазылу бойынша халыққа қызмет көрсетулеріне болады.
Мектептер мен балабақшаларда кезекші сыныптар мен топтар сақталады. Қала маңындағы жолаушылар поездардың қозғалысы, қалааралық, облысішілік автобустар, микроавтобустардың қозғалысы тоқтатылмайды. Медициналық ұйымдарда, қарт адамдар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік объектілерде, сәби үйлерінде, балалар үйлерінде, әлеуметтік оңалту орталықтарында, интернат үлгісіндегі мүгедек балаларға арналған оқу орындарында карантин режимі және санитариялық-дезинфекциялық режим сақталады.
Алғашқы медициналық көмек көрсету ұйымдарында профилактикалық егулерді қоспағанда, жоспарлы скрининг жүргізу және профилактикалық тексерулер тоқтатылады. Ақмола облысы полиция департаментінің бастығы Көкшетау қаласының әкімдігімен бірлесіп Көкшетау қаласының карантиндік аймағының аумағын уақытша орнатып, санитариялық бекеттерін орната отырып, қалаға кіру және шығу пункттерін белгілейді.
Меншік нысанына қарамастан, барлық жеке және заңды тұлғалар Қаулыны орындауға міндетті. Осы қаулы қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты ұзарту және жеңілдету ықтималдығымен 2020 жылғы 7 қараша күні сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді.