«Досым оқыған кітап» жобасы әрі жалғасуда

Бүгінгі таңда күн санап өзгеріп жатқан жаңа ақпараттық технология заманында жас ұрпақты кітап оқуға баулу қиынның қиыны болып тұрған мәселе. Ал, кітапхана мәдениет саласы ретінде білім беру және мәдени-ағарту қызметінің негізі болып табылады.

       Адамды адам еткен – кітап,        Адамды адам еткен – кітап,       адамзат еткен – кітапхана.

Әбіш Кекілбаев.

Балалар әдебиеті өскелең ұрпақты, балдырғандарды болашаққа бастар жол екені, олардың ой-өрісін, дүниетанымын кеңейтіп, дамытуда зор рөл атқаратындығы белгілі. Кітаппен дос болған баланың ой-өрісі кең, сөз мәдениеті жоғары, саналы, жан-жақты болып тәрбиеленері сөзсіз. Білімнің көзін ашып, ең алғаш сан алуан ғылым саласын танытқан, оқытып-үйреткен – ол кітап. Осы орайда, Бурабай ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесінің орталық аудандық балалар кітапханасы «Досым оқыған кітап» жобасын одан әрі жалғастыруда.  Жобаның басты мақсаты – балалар әдебиетін насихаттау және балаларды оқыған кітаптарын достар арасында өзара бір-біріне ұсыну арқылы тәрбиелеу. Жуырда «Досым оқыған кітап» жобасы аясында Көкшетау қаласында Ақмола облыстық «Арқа ажары» газетінің бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Қайырбай Төреғожамен «Жаңа кітап – жан азығы» атты  онлайн-сұхбат өткіздік.Ақынға «Кітап қай кезден өмірлік досыңызға айналды?», «Кітап оқуға отбасында тәрбиелеу қаншалықты маңызды?», «Бүгінгі қоғамда сізді қандай мәселелер толғандырады?» деген тәрізді әр алуан сауалдар қойылып, автор өз кезегінде осы сұрақтардың әрқайсысына тұщымды жауап беріп, балаларды жиі кітап оқуға шақырды.Сонымен қатар, «Көкшетау қаламгерлері» сериясы бойынша бір мың таралыммен жарық көрген «Көкжиек» кітабы туралы кеңінен тоқталып, әңгімелеп берді. Сұхбат соңында автор кітапханамызға жылы тілегін білдіріп, өзінің әр жылдары жазылған бірнеше кітабын сыйға тартты.

Г.Әпенова,

Бурабай ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесі орталық аудандық балалар кітапханасының жетекшісі. 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар