Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Джозеф Байден – АҚШ-тың жаңа президенті - АРҚА АЖАРЫ

Джозеф Байден – АҚШ-тың жаңа президенті

Сайлауда басымдықпен жеңіске жеткен демократ Джозеф Байден АҚШ мемлекетінің 46-шы президенті болып сайланды. Мемлекетіміздің басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-тың жаңа президентін құттықтады.

Джозеф Байденнің  елдің бұрынғы президент миллиардер Дональд Трамптан басты өзгешелігі қарапайым отбасынан шыққан және бар өмірін мемлекеттік қызметке арнаған, байлықты мұрат тұтпаған қарапайымдылығында болса керек.

Джозеф Байден 1942 жылы 20 қарашада Пенсильвания штатындағы Скронтоне қаласында дүниеге келді. Ол отбасындағы төрт ұлдың бірі еді. Мектепті жақсы тәмамдаған бозбала Дэлавер штаты Клэймнт қаласындағы академияда оқып білім алды. 1965 жылы оқу бітіріп, тарих және саясаттану бакалавры атағын алған ол оқуын одан әрі жалғастырып, 1968 жылы заң мектебін бітіреді. Байден 1972 жылы 30 жасында сенатор болып сайланды. Міне, осы кезден бастап ол биік лауазымды қызметтер атқарып келеді. Біраз жыл Дэлавер штатының губернаторы болды. 2008 жылы  демократиялық партияның өкілі Барак Обамамен бірге сайлауға түсіп, вице президент болды. Келесі сайлауда да ол Обаманың оң қолы болып, екінші мерзімде вице-президент болып қалды.  1972 жылы оның өмірінде үлкен қайғылы оқиға болды. Сол жылы автокөлік апатынан жары Нэлия мен қызы Ноами қаза тапса, ұлы Бо мен Хантер ауыр жарақат алып, ұзақ уақыт  ауруханада жатты. Жұрт назарын аударатын АҚШ-тың жаңа президентінің бір ерекшелігі – жемқорлықтан аулақ, адал өмір сүргендігі десе, артық айтқандық болмас. Ол Дэлавер штатының атынан сенатор болып сайланған кезде Вашингтонға күн сайын 230 шақырым жол жүріп, электричкамен қатынап жүрді. Ал автокөлік апатынан кейін ауруы асқынған ұлы Боны емдеуге ақшасы жетпеген Байден бұл жөнінде ел президенті Барак Обамаға айтады. Бұл кезде ол мемелкеттегі екінші адам – вице-президент болатын. Қысылған досына Обама көмектесіп, ұлын емдетуге қажетті ақшаны тауып береді.

Өз жұмысын адал атқатратын, жемқорлықтан аулақ, қарапайым жанға сенім артқан америкалықтардың елді миллиардер бизнесмен Дональд Трамп жеткізе алмаған биіктерге жеткізіп, күрделі мәселелерді шешеді деген үміті ақталсын дейміз.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар