Көкшетаудағы стационарларда коронавирус жұқтырған 86 науқас ем қабылдауда

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Көкшетау қаласының бас санитарлық дәрігері Қанат Ысқақов облыс орталығындағы қазіргі эпидахуал туралы ақпарат берді. 

Оның айтуынша, үстіміздегі жылғы 10 қарашадағы жағдай бойынша коронавирустың  1710 лабораториялық расталған дерегі тіркелген. Ал, тамыздың бірінен коронавирус белгілері бар пневмонияның 156 дерегі анықталған. 1-10 қараша аралығында 252 науқаста COVID-19 вирусы лабораториялық расталған. Оның 84 пайызы симптомды түріне шалдыққан науқастар. Осылайша, өткен аптамен салыстырғанда өсім 2,3 есені құраған. Сондай-ақ, коронавирус белгілері бар пневмонияның 8 дерегі тіркелген. Қазан-қараша айларында Көкшетау қаласында 40 медицина қызметкері осы аты жаман індетті жұқтырған.

Өз сөзінде Қанат Ысқақов штаттық режимде оқытып жатқан мектептер мен балабақшалардың кезекші топтарында санитарлық талаптардың сақталуы жайлы айта келе, жыл басынан бері  мектеп оқушылары арасында коронавирустың лабораториялық расталған 13 жағдайы анықталғанын мәлімдеді. Оның екеуі штаттық режимде білім алған балалар. 10 қарашадағы жағдай бойынша Көкшетау қаласында коронавирустың 255 ошағы анықталды. Оның 57-сі үй жағдайында, қалғандары ұйымдасқан ұжымдарда. Инфекциялық стационарларда 86 науқас ем қабылдауда. Тағы 840 адам үй карантинінде.

Венера ТАЛҒАТҚЫЗЫ,

«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар