Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қосшыда қолға алынған жақсы істер көп - АРҚА АЖАРЫ

Қосшыда қолға алынған жақсы істер көп

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев жұмыс сапарымен Целиноград ауданының Қосшы ауылында болып, салынып жатқан бірқатар әлеуметтік нысандардың құрылыс жұмыстарының барысымен танысты, сондай-ақ үйлерді газбен, электрмен жабдықтау, абаттандыру мәселелері бойынша тұрғындармен кездесті.

Былтыр ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына бюджеттен 14 миллиард теңге бөлінсе, үстіміздегі жылы бұл мақсатта 25 миллиард теңгеден астам қаржы бағытталған. Соның ішінде Қосшы селолық округінің дамуына бөлінген қаржы 7 миллиард теңгені құрап отыр. Ауданға жұмыс сапары кезінде мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуына назар аударған әкім мемлекет қаржысын мақсатты игеріп, жұмысты сапалы жүргізу әркез назарда болуы тиіс екенін айтты.

Бүгінгі таңда Қосшы ауылында 1200 орынға арналған екі мектептің құрылысы жүргізіліп жатыр. Бұл жобалар ауданда үш ауысыммен оқыту мәселесін шешу мақсатында қолға алынғанын айта кетуіміз керек. «Астана Көктем-С» серіктестігі жүзеге асырып жатқан мектеп құрылысына байланысты жоба мерзімінен кешіктірілуде. Құрылыс алаңында болған Ермек Маржықпаев аудан әкімі мен құрылыс басқармасының басшысына ескерту жасап, осы істі өз бақылауларына алуды қатаң тапсырды. Алда тұрған негізгі міндет бастаған құрылыстардың барлығын мерзімінде бітіріп, халықтың игілігіне пайдалануға беру.

Ал, осынша орынға арналған тағы бір мектеп келер жылдың ақпан айында пайдалануға берілуі тиіс. Мектеп ғимараты газбен жылытылатын болып, жобаға бірқатар өзгерістер енгізілгендіктен, мектеп құрылысына қосымша қаражат қажет. Осы ретте, Ермек Маржықпаев қаржыландыру мәселесін жол картасы аясында қолдайтынын айтты. Ауыл тұрғындарының өмір сапасын арттыру, сондай-ақ сапалы медициналық қызмет көрсету мақсатында жүзеге асырылып жатқан жобаның бірі – ауысымда жүз адамды қабылдайтын емхана құрылысы. Келісімшарт бойынша нысан осы жылдың қазан айында пайдалануға берілуі тиіс еді. Құрылыс жұмыстарының дұрыс ұйымдастырылмағанын қатты сынға алған әкім «Ария Жаңа-Астана» мердігер компаниясының өкілдеріне құрылысты аяқтау үшін бір жарым ай уақыт берді.

Ауданға жұмыс сапары барысында облыс әкімі үстіміздегі жылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында күрделі жөндеуден өткен Рақымжан Қошқарбаев атындағы №1 Қосшы орта мектебінде де болды. Осы арада мектептегі күрделі жөндеу жұмыстары Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың

тапсырмасымен жүзеге асырылғанын ерекше атап өткіміз келеді. Былтыр Президент аталған мектепте болғанында оқушылардың сапалы білім алуы үшін барлық жағдайлар жасалу қажеттігін айтқан болатын. Сол кезде күрделі жөндеу мәселесі шешім табумен қатар, мектепке автобус пен ноутбуктер беріліп, мультимедиялық кабинет жабдықталған. Мектеп директорының міндетін атқарушы Сұлуай Ілиясованың айтуынша, бұл 1964 жылы бой көтерген мектеп ғимаратына жүргізілген алғашқы күрделі жөндеу. Бүгінде жаңарған мектеп ұжымының Мемлекет басшысына айтар алғыстары шексіз. Жалпы, батыр атындағы мектептің 1883 оқушысы бар. Өткен оқу жылында мектепті тәмамдаған 42 түлектің ішінен 2 «Алтын белгі», 4 «Үздік аттестат» иегерлері шыққан. 19 оқушы университетке грантқа оқуға түскен. Мектепте жөндеу жүргізілгеннен кейін білім сапасының да жоғары болуы талап етілетініне баса назар аударған облыс әкімі келер жылы Қосшыда екі мектеп пайдалануға берілетінін, бұл өз кезегінде батыр атындағы мектептің жүктемесін азайтуға септігін тигізетінін айтты. Бүгінде Қосшыда мектеп жасындағы 6500 бала бар.

Жұмыс сапары кезінде әкім ауылда жылыту маусымының жүргізілу барысын пысықтап, үлескерлік құрылыс қатысушылары «Жайлау City» тұрғын үй кооперативінің өкілдерімен кездесті және ауылдағы көше-жол желілерінің құрылысымен танысты. Жалпы, 2020-2021 жылдары Қосшыда 7 көшені жөндеуден өткізу жоспарланған. Қосшы ауылын сумен, «Лесная Поляна» аталып кеткен бөлігін электрмен жабдықтау мәселелері бүгінде шешім тапқан. Дегенмен де, ауылдағы халық саны жылдан жылға көбейіп келетіндіктен, ауылда су, жылу, электр желілері тартылмаған ықшам аудандары әлі бар екенін айтқан облыс әкімі бұл мәселелер де бірте-бірте шешім табатынын жеткізді.

Венера ТАЛҒАТҚЫЗЫ,

«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Целиноград ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар