Көкшетауға бір күнде 600-ден астам көлік кіргізілмей, кері қайтарылды

Ақмола облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айнагүл Мусина «Ақмола – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Самира Тайтеновамен бірлесіп, Көкшетау қаласының аумағы бойынша орналасқан санитарлық бекеттердің жағдайын барып білді.

Көкшетау қаласының периметрі бойынша орнатылған 6 санитарлық бекетте 48 қызметкер мен 6 транспорттық құрал іске жұмылдырылған. Бас санитарлық дәрігер осы қызметкерлердің бекеттерде атқарып жүрген жұмыстарына бақылау жасап, сауалнамалар мен ПТР тестілердің нәтижелерін қадағалау мәселелеріне, тиісті талаптарды орындауларына көңіл аударды.
Сөйтіп, бекеттерге бақылау жасау кезінде, ағымдағы жылдың 13 қарашасы сағат 20.00-ден келесі күнгі осы уақыт аралығында 8777 автокөлік өткен. Олардың басым бөлігін жеңіл көліктер құрайды. Мәселен, бір күн ішінде санитарлық бекеттерден 7912 жеңіл көлік жүріп өткен. Бұдан бөлек сол күні облыс орталығының аумағындағы бекеттерден 271 жолаушылар тасымалдайтын автобус-тар, 594 жүк көліктері өтіпті. Сонымен бірге, 321 автокөлік кейін қайтарылды. Олардың 310-ы жеңіл көліктер, 7-еуі жолаушылар көлігі, 4-еуі жүк машиналары. Ал, жалпы, санитарлық бекеттер орнатылғалы 600-ден астам көлік кейін қайтарылған.
Сол тәулікте бекеттен өткен 17 274 жолаушы тексеріліп, ешбірінен аты жаман індет белгілері анықталмады.

Ырысалды ШАМШИЕВА,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар