Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Серік Сұлтанғали: «Партияның жаңару процесі тек атаудың өзгеруімен шектелмейді» - АРҚА АЖАРЫ

Серік Сұлтанғали: «Партияның жаңару процесі тек атаудың өзгеруімен шектелмейді»

Бұл туралы ADAL саяси партиясының сайлауалды бағдарлама жобасының негізгі бағыттары талқыланған VII съезінде айтылды.

Нұр-Сұлтан қаласында өткен ADAL саяси партиясының VII съезінде сайлауалды бағдарлама жобасының 5 негізгі бағыты ұсынылды:

  • Барлық азамат үшін лайықты өмір;
  • Кәсіпкерлік — табысты мемлекеттің негізі;
  • АӨК дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі;
  • Қуатты өңірлер — қуатты ел;
  • Мемлекет – адамдар үшін.

Партия төрағасы Серік Сұлтанғали VII съездің негізгі мақсаты – бағдарламаны айқындап, дайындықты пысықтау, партиялық тізімдерді бекіту екенін жеткізді.

«Ел дамуына біздің партия да үлес қосып келеді. Партияның мақсаты – халықтың тұрмыс-тіршілігін, өмір салтын жақсарту. Ол үшін үкімет, министрліктер, әкімдіктер, партиялар біріге күш жұмсауымыз керек. 2020 жылдың 10 қаңтарында өтетін Парламенттік сайлауға қатысуға біздің партия да дайындығын жасап жатыр. Бүгінгі VII съездің негізгі мақсаты – бағдарламаны айқындап, дайындықты пысықтау, партиялық тізімдерді бекіту. Съезге 347 делегат қатысып отыр», – деді ол.

Серік Сұлтанғали партияның жаңару процесі тек атаудың өзгеруімен ғана шектеліп қалмайтынын айтты. Еске салайық, 2013 жылы құрылған «Бірлік» саяси партиясының атауы биыл 5 қарашада ADAL болып өзгерген болатын.

«Біздің партия жаңарды. Жаңару процесіне біздің саяси кеңес пен өңірлік филиалдардың басшылары қозғаушы күш болып отыр. Алға жылжу үшін заманға сай ақпараттық технологияларды, тағы басқа тәсілдерді меңгеру керек. Біздің жаңару процесіміз тек атаудың өзгеруімен ғана шектеліп қалмайды», – деді партия басшысы.

Айсұлу МАМАНҚЫЗЫ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар