Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Сайлау құқығын пайдаланыңыз - АРҚА АЖАРЫ

Сайлау құқығын пайдаланыңыз

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы сайлаушыларға үндеу жолдады.

Еске сала кетейік, 2021 жылғы 10 қаңтарда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихат депутаттарының кезекті сайлауы өтеді.

«Егер сіз дауыс беру күнінде 18 жасқа толған және белсенді сайлау құқығына ие Қазақстан Республикасының азаматы болсаңыз, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттың депутаттарын сайлауға құқығыңыз бар. Сіздің сайлаушылар тізімінде болуыңыз – сайлауға қатысуға конституциялық құқығыңыздың іске асырылуының кепілі. Сайлаушылар тізімін жергілікті атқарушы органдар жасайды. Сіздің нақты сайлау учаскесінің аумағындағы тұрғылықты жеріңіз бойынша тіркелуіңіз сізді сайлаушылар тізіміне енгізуге негіз болып табылады. Сайлау учаскелерінің шекарасы жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында 2020 жылғы 5 қарашадан кешіктірілмей жарияланады», – делінген ОСК үндеуінде.

Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, әр сайлаушы сайлау тағайындалған кезден бастап тиісті жергілікті атқарушы органда сайлаушы ретінде тіркелуге құқылы.

«Сізге 2020 жылғы 10 желтоқсанға дейін сайлау күні тіркелген жеріңіз бойынша дауыс беруге арналған үй-жайға келу мүмкіндігіңіз болмайтыны белгілі болса, баратын жеріңіздегі әкімдікке сайлаушылардың тиісті тізіміне қосу туралы жазбаша өтінішпен жүгіну керек. Егер сіз тұрақты тіркелген жеріңізден тыс елді мекенде болсаңыз және тұрғылықты жеріңіз бойынша уақытша тіркелген болсаңыз, 2020 жылғы 10 желтоқсаннан кешіктірмей, сайлау күні өзіңіз дауыс беретін сайлау учаскесінің сайлаушылар тізіміне енгізу туралы жазбаша өтінішпен уақытша болатын жердегі әкімдікке жүгінуіңіз қажет», – дейді комиссия үндеуінде.

Сондай-ақ, орталық сайлау комиссиясы әр сайлаушыны құқықтық сауаттылық танытып, сайлау құқығын пайдалануға шақырады.

«Өзіңізді сайлаушылар тізіміне енгізу бойынша заңды маңызды әрекеттерді уақтылы қабылдауыңыз қажет. 2020 жылғы 26 желтоқсаннан бастап сізге өз сайлау учаскеңіздегі сайлаушылар тізімінен өзіңіз туралы деректерді тексеру мүмкіндігі беріледі», – деп түйіндейді үндеуін орталық сайлау комиссиясы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар