Ел болашағы жастардың қолында

Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасы жанындағы «Қоғамдық келісім» мекемесінің ұйымдастыруымен «Достар» мәдениет сарайында «Тәуелсіздік – халықтың басты байлығы» атты дөңгелек үстел болып өтті.

Дөңгелек үстел жұмысына тарихшы ғалымдар, «Намыс» саяси клубының және Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының мүшелері, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің құрдастары, студенттер мен оқушы жастар қатысты.
Іс-шара барысында Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Марат Өтегенов, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының мүшесі, Көкшетау гуманитарлық-техникалық лицейінің директоры Наталья Дементьева, М.Жұмабаев атындағы облыстық кітапхана қызметкері Нәзира Ташкеновалар егемен Қазақстанның қалыптасуының негізгі кезеңдері, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың тәуелсіз мемлекетті құрудағы, әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүргізудегі, елдегі тұрақтылық пен қоғамдық келісімді сақтаудағы рөлі туралы әңгімеледі.
Одан әрі тәуелсіздіктің құрдасы, бағдарламашы Абылай Бекбаев,
Ш.Уәлиханов атындағы КМУ студенті Владислав Вебер, гуманитарлық-техникалық лицейдің оқушылары Ольга Орлова, Анастасия Боровская, Евгения Цихоцкая және Руслан Усмановтар жастардың жас мемлекеттің болашағы үшін жауапкершіліктері, оның әлеуметтік, саяси және мәдени-білім беру бағдарламаларын іске асыруға белсенді қатысуы, жаңа заманауи Қазақстанның құрылуы жайында сөз қозғады.
Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар