Енді жүргізуші куәлігін бірге алып жүрудің қажеті жоқ

Алдағы уақытта жүргізуші куәлігін алып жүрмеген көлік иелеріне айыппұл салынбайды. Қалтаңызда көлікті тіркеу туралы құжатыңыз болмаса да жауапкершілікке тартылмайсыз.

Мәжіліс кейбір заңнамалық актілерге жол қозғалысы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.
Шынымен кейбіріміз түрлі себептермен жүргізуші немесе көлікті тіркеу куәліктерін үйде ұмытып кетіп жатамыз. Оларды ендігіде өзіңізбен алып жүру міндетті емес. Ол үшін әкімшілік айыппұл да төлемейсіз. Жаңашылдық жол қозғалысы саласындағы заңнамаларды жетілдіруге бағытталған.
Аталған құжаттар ішкі істер органдарының мәліметтер базасында сақталады. Жол сақшылары оларды кез-келген уақытта көріп, тексере алады. Көлік немесе жүргізуші туралы ақпараттар базада болды. Қолыңызда жеке басыңызды куәландыратын құжат болса жеткілікті.
Заңға енгізілетін түзетулер тек Қазақстан азаматтарына ғана қатысты. Яғни, шетелдіктер аталған құжаттарды өздерімен алып жүруге міндетті. Айта кетерлігі, депутаттар 10 жыл бұрын шығарылған автобустарды мемлекеттік тіркеуге тыйым салуды да ұсынып отыр.
Соңғы 10 айда ғана еліміз бойынша 150 мыңдай жүргізуші аталған құжаттарын ұмытып, әкімшілік жауапкершілікке тартылыпты. Полиция базадағы мәліметтерді тексеру үшін қажетті техникалармен қамтылған. Ал, ғаламтор сапасы нашар жолдарда қызметкер рация арқылы кезекші бөлімге хабарласып, тиісті мәлімет ала алады.
– Қолға алынып отырған осы шара біз Мемлекет басшысының алдымызға қойған міндеттерінің бірін орындап отырмыз. Сондықтан, депутаттардың бастамасына ризамыз. Біздің тарапымыздан жұмыстарды жүзеге асыру үшін ешқандай кедергі жоқ, – дейді Қазақстан Республикасының ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев.
Қазіргі уақытта жүргізушілердің бір тобы бұл заң жобасы тез арада қаралып, мақұлданса, жақсы болар еді десе, енді бір тобы оны мақұлдамауда. Себебі, кейбірі жол жүру ережесін қатаң бұзса, немесе тағы да бір заңға қайшы талаптарды бұзса, бірден куәлігінен айырылып қалады. Дегенмен, қазіргі цифрландыру кезеңінде, азаматтардан аталған құжаттарды талап ету – өткен күндердің еншісінде қалғалы отыр.
Ырысалды ШАМШИЕВА.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар