Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путиннің арасындағы уағдаластықтарды іске асыру аясында кеше Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин Қарағанды фармацевтикалық кешеніне барып, «Спутник V» вакцинасын өндіруді бастап берді.

Бұл кешен базасында кезең-кезеңімен 2 миллион доза вакцина өндіріледі. «Қазақстанда өндірілген «Спутник V»-мен жаппай вакцинация 2021 жылғы ақпан айында басталады. Бірінші кезекте екпе ерікті негізде медицина қызметкерлері, педагогтер, студенттер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, медициналық-әлеуметтік мекемелердің контингенті, сондай-ақ, созылмалы аурулары бар қауіптілік топтарының өкілдеріне салынады», – деді А. Мамин.
Үкімет басшысы Қазақстанда «Спутник V» вакцинасының өнеркәсіптік өндірісін жергіліктендірудің ерекше маңыздылығын атап өтті. Вакцина алатындардың болжамды саны 2 347 000 адамды құрайды. Денсаулық сақтау министрлігі вакциналау – инфекциялық аурулардан қорғанудың тиімді әдісі екенін жеткізді. Қазақстандық ғалымдар 7 вакцина дайындау технологиясын жасады. Коронавирусқа қарсы вакцина салынатын тәуекел тобындағы адамдар айқындалды. Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцина бағасы қанша болуы мүмкін екені де айтылды.

 38 total views,  2 Views Today

By admin

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Өзге де жаңалықтар