Электр қуатын пайдалана бастағанымызға бір ғасыр!

Өтіп бара жатқан жылды қорытындылап өтсек, бұл жыл біз үшін оңай болған жоқ, бірақ «Көкшетау Энерго» серіктестігі оны лайықты деңгейде өткізді. Жыл көптеген факторлар бойынша қиын болды, бұл көбінесе компания саясатына байланысты емес. Бізге өзгерістер енгізуге, яғни, бір нәрсені оңтайландыру, бірдеңені қайта қарау, бір нәрсеге қатал әрі талапшыл болуға тура келді.

Бірақ, жыл ішінде компанияда болған өзгерістерге қарамастан, біз жұмыс істейтін бірегей адамдар тобын сақтай алдық. Бұл біз үшін өте маңызды! Дәл осы адамдар біздің әрі қарай да сапалы және жоғары деңгейде жұмыстар жүргізуге, әртүрлі кешенді жобаларымызды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Біз әріптестеріміз бен серіктестеріміздің біліктілігі мен тиімділігі арқасында да көп нәрсе жасадық. 2020 жылы инвестициялық бағдарлама мен қосымша қаражат аясында сапалы әрі тиімді жұмысты одан әрі орындау үшін бірқатар қазіргі заманғы жабдықтар сатып алғанымызды және қызметкерлердің жалақысын арттырғанымызды атап өтпеске болмас.
Бүгінгі күні көпшілік қиын кезеңді басынан өткеру уақытында біздің компания лайықты биіктен көрінді, алайда, біз жаңа мақсаттар мен биіктерге ұмтылуымыз керек екенін атап өткім келеді. Бізде барлық жағдайлар жасалған: жақсы атымыз, біліктілік және кәсібилік, тәжірибе мен сенімді серіктестер. Бірақ, біздегі ең басты құңдылық –
адамдар. Оларсыз біз мұның барлығына қол жеткізе алмас едік. Компания әр қызметкерді өзінің жұмысымен, білімімен және кәсібилігімен мақтан тұтады және жоғары бағалайды. Олардың әрқайсысы лауазымы мен атағына қарамастан, компаниямыздың қозғаушы күші болып табылады, өйткені, сіздердің арқаларыңызда біздің компания нарықта бар және дамып келе жатыр. Мен әрқайсыңызға мол алғысымды білдіргім келеді!
Энергетиктердің кәсіби мерекесі 22 желтоқсанға сәйкес келуі кездейсоқ емес. 1920 жылы дәл осы күні энергетика саласын дамыту бағдарламасы – ГОЭЛРО-ның тарихи жоспарына қол қойылды. 1966 жылы КСРО Жоғарғы Кеңесі жарлығымен бұл мереке елді электрлендіру жөніндегі мемлекеттік жоспарды қабылдау күнін еске алу үшін ресми түрде бекітілді.
Биылғы жылы ГОЭЛРО жоспарына тура 100 жыл, бұл қазіргі энергетиктер үшін нұсқаулық және тарихты ұмытпау, ардагерлерге құрмет көрсету. Біздің ардагерлер бүгінгі күнге дейін қазақстандық электр энергетикасының дамуы мен қалыптасуына орасан зор, баға жетпес үлес қосып келеді. Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Энергетиктер күнімен және келе жатқан Жаңа жылмен шын жүректен құттықтаймын! Құрметті әріптестер, достар, энергетика ардагерлері! Сіздерге сарқылмас қуат, мықты денсаулық, жаңа өндірістік жетістіктер және электр энергетикасы жүйесін дамыту мен жаңғырту жөніндегі барлық бастамаларымызды табысты жалғастыруды тілеймін!
Сіздерге және сіздердің жақындарыңызға бақыт және
амандық тілеймін!
Досымхан АРАЛБАЕВ,
«Көкшетау Энерго» серіктестігінің бас директоры.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар