Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттығына «ADAL» саяси партиясының атынан кандидат Олжас Ордабаев халықпен кездесуінде сайлауалды бағдарламасының білім беру бөлігін кеңінен баяндап берді. Ең алдымен, депутаттыққа кандидат педагогтардың еңбекақысын төлеу және оларды даярлаудың сапасына басым мән берді.
–Бүгінгі қоғамда педагогтардың рөлі өте жоғары, олардың еңбекақылары 200 мың теңгеден кем төленбеуі тиіс. Бұл орайда, педагогикалық білім берудің сапасын да арттыру қажет. Біз осылайша талантты жастарымыздың назарын педагогикалық бағытқа аудара аламыз, –дей келе ол мұғалімдердің статусын көтергенмен, олардың барлық мәселесі шешіле қалмайтындығын тілге тиек етті.
Кандидаттың айтуынша, білім саласына жыл сайын түрлі реформалар мен өзгерістер енгізе бергенді тоқтату керек. Нақты айтқанда, орта мектептерде түрлі пәндік бағдарламалардың мазмұнын балаларға сыни бағалатып үйреткеннен гөрі, 11 жыл ішінде болашақ мамандығын саналы түрде таңдауына мүмкіндігі жететіндей етіп оқыту қажет. Кандидат кездесу барысында жоғары оқу орындары мен колледждер саласындағы мәселелерге де ерекше көңіл аударды.
Оның пікірінше, елімізде 65-тен астам жоғары оқу орындары бар болса, оларда білім алып шыққан әрбір екінші маман жұмыссыз. Бұл ретте, әрбір оқу орны жұмыс берушілермен тығыз қарым-қатынас орнатып, соларға керекті мамандықтарды ғана оқытулары тиіс.
– Соңғы жылдары жұмыссыз мамандарды шығарып жатқан ЖОО-ларды жауып тастау керек. Олар еліміздің дамуына қауіп төндіреді, – деп сөзін қорытындылады Олжас Ордабаев.
ADAL партиясы мүшелерінің Ақтөбе мен Ақмола облыстарының тұрғындарымен кездесулері мазмұнды және қызу түрде өтті.
Ақтөбедегі кездесуге бизнес өкілдері, жастар және түрлі ұйымдардың қызметкерлері келді. Кездесу сұрақ-жауап форматында өтті.
Ақтөбедегі кездесуге бизнес өкілдері, жастар және түрлі ұйымдардың қызметкерлері келді. Кездесу сұрақ-жауап форматында өтті.
Ақмола облысының Шортанды ауылында да партия өкілдері жергілікті тұрғындармен бірқатар кездесу өткізіп, оларға ауылды қолдау бағдарламасы туралы айтып берді.
Тұрғындар балаларының мектептегі шамадан тыс жүктеулеріне және оқу сапасының нашарлығына наразы екенін білдірді. Шортанды тұрғындарын толғандыратын ең өзекті мәселе – ауыз су жүйесінің тартылмауы екен.
Сондай-ақ, партия мүшелері Ақкөл қаласына да барды. Мұнда Ақкөл көлін тазарту мәселесі көтерілді. Партия өкілдері бұл мәселені жеке бақылауға алатын тәжірибелі эколог бар екенін айтты.
«ADAL» партиясынан Парламент Мәжілісіне үміткерлердің еліміз бойынша сайлаушылармен сайлауалды кездесулері одан әрі жалғасуда. Парламент Мәжілісіне үміткерлер Олжас Ордабаев, Ақмарал Бекмұрзаева, Лаура Маликова, Алина Асқарова және Игорь Шацкий Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданындағы Қасым Қайсенов кентінің тұрғындарымен кездесті.
«ADAL» партиясынан Парламент Мәжілісіне үміткерлердің еліміз бойынша сайлаушылармен сайлауалды кездесулері одан әрі жалғасуда. Парламент Мәжілісіне үміткерлер Олжас Ордабаев, Ақмарал Бекмұрзаева, Лаура Маликова, Алина Асқарова және Игорь Шацкий Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданындағы Қасым Қайсенов кентінің тұрғындарымен кездесті.
Кездесу барысында кандидаттар тұрғындар алдында «ADAL» партиясының сайлауалды бағдарламасын таратып айтып берді. Соның ішінде партияның демократиялық құндылықтарға, адам еңбегінің әділ бағалануына және әлеуметтік қолдаудың ауқымды болуына ұстанып отырған бағыттары сайлаушылар тарапынан қолдау тапты.
Жиын барысында тұрғындар жастарға жұмыс табу қиынға соғып отырғанын баяндады. Жұмыс берушілер жастардан жұмыс тәжірибесін талап ететін көрінеді. Тұрғындар колледждер мен жоғары оқу орындарында білім тәжірибе мен кәсіби қызметтен тұрса, жастарға үлкен көмек болар еді деген ұсыныс, тілектерін айтты.
Сонымен бірге, сайлаушылар үміткерлерге өздерін толғандырған мәселелер бойынша түрлі сауалдарын қойды.
Сонымен бірге, сайлаушылар үміткерлерге өздерін толғандырған мәселелер бойынша түрлі сауалдарын қойды.
Оларға жауап берген партия өкілдері Парламент Мәжілісіне бара қалса, халықтың тұрмыс деңгейін арттыру, жерді ел игілігіне тиімді пайдалану, табиғи ресурстардың пайдасын бүкіл халық болып көру мәселелерін өміршең ету тұрғысында күресетіндерін мәлімдеді. Осы партиядан Парламент Мәжілісіне депутат Ләззат Чинкисбаеваның сайлаушылармен кездесулері бұл жолы Алматы облысында жалғасын тапты. Үміткер Көксу ауданының Балпық би ауылы тұрғындарымен жүздесіп, партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Ол ауылдықтардың проблемаларына көңіл бөліп, шешімін күткен мәселелеріне үңілді.
Тұрғындар бизнесті қолдауға арналған «Бизнес бастау» бағдарламасын әлі де жетілдіре түссе деген ниеттерін жеткізді. Сонымен қатар, ауылдық жерді газдандыру мәселесі де сөз болды. Ауыл тұрғындарының пікірлерін тыңдап, ұсыныс-тілектерін білген кандидат бұл мәселелердің бәрін де шешуге болатынын айтып, «ADAL» партиясы сайлаушылар мандатын алса, осы бағытта аянбай жұмыс істейтіндігін мәлімдеді.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.