Ауыл тұрғындарының мәселесі «Nur Otan» партиясының ерекше бақылауында

Көкшетау қаласының Бірлік шағын ауданының тұрғындарын толғандырған проблемалық мәселелерді «Nur Otan» партиясы Ақмола облыстық филиалы және қалалық мәслихаттарға кандидаттар бақылауға алды.
Депутаттыққа үміткерлер жиналғандарды партияның жұмысымен және оның бағдарламалық құжаттарымен таныстырды, сонымен қатар, партияның биыл жүргізген реформалары туралы айтты. Мысалы, осы сайлау науқанына белсенді өмір салтымен айналысатын көптеген жастар қатысады.
Жиналғандар алдында әртүрлі деңгейдегі депутаттыққа үміткерлер, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің ректоры Марат Сырлыбаев, «Той Дастархан» серіктестігінің директоры Елена Мащинская, «Көкшетауминводы» акционерлік қоғамының директоры Станислав Максимец, Көкшетау теміржол вокалының бастығы Роза Арыс-
тан, «Раисов» ЖК кәсіпкері Айдын Райсов, К.Шәкеев атындағы ақындар мектебінің жетекшісі Мұхаммед Қонқаев, Көкшетау қалалық «Nur Otan» партиясы сайлауалды штабының өкілі Зәуреш Нұрымовалар сөз сөйледі.
Олар Ақмола облысы мен Көкшетау қаласының өмірінде болып жатқан оң өзгерістерді атап өтті. Атап айтқанда, өңірімізде жолдар, мектептер, ауруханалар салынуда, жаңа ғимараттар мен көпқабатты үйлер бой көтеруде. Осының бәрінде «Nur Otan» партиясының ықпалы зор.
– Иә, еліміз жас мемлекет және әрине, әлі де жасалатын көптеген істер бар. Сондықтан, бүгін сіздердің алдыңызда бұл жұмыстарға бейжай қарай алмайтын жауапты адамдар тұр. Олар мұнда тек шоу үшін келген жоқ. Олар халықтың бар қиындықтарын өз жанымен сезіне білетін адамдар, – деді Е.Мащинская.
Партия мүшелері үнемі қарттар үйі мен балалар үйіне барып, олардың мұң-мұқтажын назарға алып, қолдау көрсетіп отырады. Жалпы, біздің мемлекетіміз жалғызбасты қарттар мен жетімдерге қамқорлық пен оларға жайлы өмір сүру жағдайын жасайтын мемлекет.
Жиналғандар алдында сөз сөйлеушілер пандемия кезіндегі партияның қайырымдылық істерін ерекше атап өтті. Әсіресе, партия мүшелері жалғызілікті қарттарға тегін тамақ таратып қана қоймай, аз қамтылған және көп балалы отбасыларға көмек көрсеткені де белгілі. Мұндай қолдауды осы жиында сөз сөйлеген кәсіпкер, көп балалы әке А.Райсов та сезінді.
Пандемия кезінде «Көкшетауминводы» акционерлік қоғамының директоры Стани-слав Максимец те барлық ауруханалар мен бақылау бекеттерін ауыз сумен қамтамасыз етуде ақмолалықтарға жақсы көмек көрсетті.
Жиналғандар партия базасында қоғамдық қабылдау бөлмесі бар екенін, онда әркім өз сұрақтарымен жүгіне алатындығын да еске салды.
«Бірлік» шағын ауданының кітапханасында депутаттармен өткен кездесуге келген ауыл ақсақалдары мен жас аналар олардың әрқайсысы өздерін мазалайтын сұрақтарды қоюға тырысты. Олардың көпшілігі автобустармен қамтамасыз ету, көшелерді жарықтандырудың болмауы, мөлтек ауданның кейбір бөліктерін сумен қамтамасыз ету мәселелерін алға тартты. Сондай-ақ, жергілікті тұрғындар балалардың ойын алаңдарының жетіспеушілігі де ерекше назар аударуды қажет ететінін айтты. Атап айтқанда, жаз мезгілдерінде балалар жақын арада салынған тас жолдың жүру бөлігінде ойнауы, балаларды көлік қағып кетуі жас аналарды алаңдататыны жасырын емес.
Жылдан-жылға шешімін таппай келе жатқан бір мәселе – бұл шағын ауданда саябақтың жоқтығы. Құрылысқа рұқсат беретін құжаттар бар, бірақ мәселе ашық күйінде қалып отырғаны өкінішті-ақ.
Болашақ халық қалаулылары айтылған барлық мәселелер бойынша түсініктемелер берді, сонымен қатар, тұрғындарға әрбір өтініштердің ретке келтіріліп, мәселелердің шешілуін бақылауға уәде берді. Көптеген тұрғындар «Nur Otan» партиясына ризашылықтарын білдірді, өйткені партия үндеулерінен кейін жағдайдың жақсы жаққа қарай өзгергенін байқауда.
Кездесу соңында үміткерлер тағы да жиналғандарды, сондай-ақ, олардың туыстары мен достарын белгіленген күні өздерінің сайлау беру учаскелеріне келіп, нақты істің партиясына айналған «Nur Otan»-ға дауыс беруге шақырды.
– Өзіңіздің дұрыс таңдауыңызды жасаңыз және балаларымыздың болашағы мен мемлекетіміздің өркендеуі жолында атсалысатындар үшін дауыс беріңіз», – деп сөзін аяқтады Е.Мащинская.

Материалдың қаражаты «Nur Otan» партиясының Ақмола облыстық Сайлау қорынан төленген.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар