Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Көкшетауда тұнғыш рет көмей қатерлі ісігіне ауыр ота жасалды - АРҚА АЖАРЫ

Көкшетауда тұнғыш рет көмей қатерлі ісігіне ауыр ота жасалды

Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасының онкология орталығында жасалған бұл кеңейтілген ота сәтті аяқталды.

Торакальді бөлімше дәрігерлері көмей қуысында пайда болған қатерлі ісікті сәтті алып тастады. Бас пен мойын аумағында пайда болатын ісіктердің көбісі ауру енді басталып келе жатқан уақытта білінеді екен. Науқасқа шалдыққан адамның көмейі толығымен тарылып, қалқанша безінің оң жақ бөлігіне қатерлі ісік жайылып кетіп, обтурациялық тыныс алуы қиындаған. Соның салдарынан науқас уақытша түтікше арқылы дем алып жүріпті. Ол түтікше бітеліп қала берген. Ал, үй жағдайында оған күтім жасап отыру тіпті қиын. Бұл трахеотамиялық жара жиырылып қалуы әбден мүмкін.
Дәрігерлер кеңесе келе, көмейдегі ісікті алып тастауды дұрыс деп шешкен. Сөйтіп, облыста мұндай ота бірінші мәрте жасалды әрі сәтті аяқталды.
Бұрын көмей, мойын аумағындағы қатерлі ісіктің кез-келген сатысындағы диагнозы қойылған науқастар Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларындағы онкологиялық орталықтарға жолдамамен жіберілетін. Енді осы жылдан бастап бас пен мойын аумағында пайда болатын қатерлі ісіктерді алып тастау өзімізде, яғни, Көкшетауда жасалатын болады.
Қазіргі уақытта ота жасалған науқастың жағдайы тұрақты және өзін қанағаттананарлық күйде сезінуде.

Ырысалды ШАМШИЕВА,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар