29 желтоқсанда Көкшетау қаласында Қазақстан Халық партиясынан Парламент Мәжілісіне депутаттыққа кандидаттар Жамбыл Ахметбеков пен Олжас Сыздықов «Новопэк» ЖШС-ында болды. Кәсіпорын полипропилен қаптарын, биг-бэгтерді, вагон астарларын, ілмектерді, тігу жіптерін, қайталама шикізатты өндіреді.
Кездесу басында партия мүшелері отандық компанияның өндіріс циклімен танысты. Содан кейін кәсіпорын ұжымымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында Қазақстанның Халық партиясының өкілдері қызметкерлерді партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарымен таныстырып, оларды қызықтырған сұрақтарға жауап берді.
Өз материалдарынан