Кезекті карантиндік шектеулер. Нені ескеруіміз керек?

Ақмола облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айнагүл Мусинаның «Карантиндік шектеу шаралары туралы» 2020 жылғы 28 желтоқсандағы №302 қаулысы шықты.

Осы қаулыға сәйкес өңірде отбасылық, естелік (банкет, үйлену той, мерейтой, дұға) және көпшілік жиналатын өзге де іс-шараларды, оның ішінде үйде өткізуге және оған баруға тыйым салынып отыр. Сонымен бірге, жерлеу кезінде 2 метр қашық сақталып, (отбасы мүшелері) 30 адамнан артық жиналуға жол берілмейтіндігі айтылған.
– Мерекелік, спорт, мәдени-көпшілік іс-шараларды өткізуге, ертеңгілік, мерекелік корпоратив ұйымдастыруға 2020 жылғы 30 желтоқсаннан бастап 2021 жылғы 5 қаңтарға дейін тыйым салынсын, –деп жазылған құжатта. Сондай-ақ, ойын-сауық мекемелері (караоке, бильярд, боулинг, компьютер клубы, түнгі клуб, аттракцион), букмекер кеңселері қызметіне тыйым салынып отыр.
Облысаралық, қалааралық автобус (шағын автобус) қозғалысы, туристік тасымалына рұқсат етіледі. Жеке автокөлікпен тек өңірлер арасында жүріп-тұруға рұқсат беріледі.
Бұдан бөлек, белгіленген талаптарды сақтай отырып және ұжымдық іс-шараларды өткізбей діни объектілердің (мешіт, шіркеу, собор, синагога және тағы басқа нысандар) қызметіне рұқсат беріліп отыр. Ал, кітапхана, мұражай, гүлдер дүкені, фотосалон жұмыс істейді, алайда, театр мен кинотеатр қызметі тоқтатылмақшы. Азық-түлік және азық-түлік емес ашық базарлар тек жексенбі күні ғана жұмыс істемейді. Қаулыда көрсетілгеніндей, жол бойындағы сервис объектілері (қоғамдық тамақтандыру және сауда) қызметіне рұқсат беріледі, олар сағат 00:00-07:00 дейін ғана тамақты сыртқа шығару арқылы сата алады.
Фитнес орталықтары, жаттығу залдары мен спорттық-сауықтыру орталықтары сенбі және жексенбі жұмыс істемейді, қалған күндері алдын ала жазылу бойынша келуші қабылдайды, орын саны 50 пайыздан асырылмай және бір адамға 5 шаршы метрден кем емес көлемде қамтамасыз етуі тиіс. Қоғамдық көліктің жұмысына (қарбалас сәтте автобус санын ұлғайту, барлық есіктерді ашу, адамдарды отыратын орын саны бойынша отырғызу) рұқсат беріледі.
Мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектор органдарының, ұлттық компаниялардың, өзге де ұйымдардың, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне рұқсат беріледі. Қызметкерлердің кемінде 60 пайызы қашықтықтан жұмыс атқаруы тиіс. Медициналық орталықтардың, стоматологиялық клиникалардың және кабинеттердің, (алдын ала жазылу бо-йынша), дәріханалардың қызметіне рұқсат беріледі.
Сонымен бірге, қауылда 2020-2021 оқу жылының үшінші тоқсанынан бастап контингенті 300 оқушыға дейін, сыныпта балалар саны 15-ке дейін қала және ауыл мектептерінде дәстүрлі форматта оқитыны жазылған. Ата-ана өтініші бойынша сыныптарда 15 оқушыдан артық болмайтын жалпы білім беретін мектептерде кезекші сыныптарда 1-ден 5-сыныпты, халықаралық мектептерде – 7-сыныпты қоса алғанда оқиды.
Қаулы 2020 жылғы 30 желтоқсан күні сағат 07:00-ден бастап күшіне енді.

Аслан ОСПАНОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар