Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Мемлекеттік тілдің мәртебесі қашанда жоғары - АРҚА АЖАРЫ

Мемлекеттік тілдің мәртебесі қашанда жоғары

Қазақстан Республикасының Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Егемен Қазақстан» газетіндегі «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласындағы мемлекеттік тіл туралы айтқан ойлары ел көңілінен шықты деп есептеймін.

«Мемлекеттік тілді білу – Қазақстанның əрбір азаматының парызы. Міндеті деп те айтуға болады. Осы орайда мен барша қазақстандықтарға, оның ішінде қазақ тілін əлі жете меңгермеген отандастарыма үндеу тастағым келеді. Жастар ағылшын тілін немесе басқа да тілдерді аз ғана уақытта меңгере алатынын көріп отырмыз. Тұтас буын алмасқан осы жылдарда қазақ тілін үйренгісі келген адам оны əлдеқашан біліп шығар еді. Халқымызда «Ештен кеш жақсы» деген сөз бар. Ең бастысы, ынта болуы керек» – деді Президент.

Иә, рас, қазақ тілінде сөйлеу сәнге айналатын уақыт жетті. Қасиетті қазақ тілінің мәртебесін көтеріп, одан әрі дамыту әр азаматтың міндеті. Осы орайда, әрбір мекеме басшысы өзі үлгі көрсетіп, қызметкерлерінен қазақ тілінде сөйлеуді, құжаттарының мемлекеттік тілде жүргізілуін талап етсе, қазақ тілінің мәртебесін өркендетуге қосқан үлес болатыны сөзсіз.

Мемлекеттік тіл мәселесі үлкенді-кішілі жиындарда тек мінбеден ғана айтылып қана қоймай, күнделікті өмірде нақты істермен көрініс табуы тиіс.

Тіл – халықтың жүрегі, ұлттық болмысы, ұлттық рухы, дәстүрі мен салты. Сондықтан әр халық өз тілінде сөйлеп қана қоймай, оны дамытуға күш қуатын жұмсауы керек.

Мемлекеттік  тілдің мәртебесін асқақтату – Қазақстан Республикасының әрбір азаматының азаматтық парызы. Осы қасиетті парызға әрбір азамат адал болса екен!

Шаттық ҚАРАСАРТОВА,

М.Ғабдуллин атындағы № 3 көптілде

оқытатын мамандандырылған

гимназиясының мұғалімі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар