Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жердің иесі де, киесі де - қазақ! - АРҚА АЖАРЫ

Жердің иесі де, киесі де — қазақ!

Жыл бастау алысымен ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Егемен Қазақстан» газетіне Тәуелсіздіктің отыз жылдығына арнап көлемді сұхбат берді. Президент қазақтың өткенін де, бүгінін де шынайы көзбен зерделеп, ой-толғамын ортаға салған екен.

Оқыған адам көп жайға қанық болады. Мен бір ғана ойын осы жазбама арқау етуді жөн көрдім. Президент былай дейді: «… Бабалардан мұра болған қасиетті жеріміз – ең басты байлығымыз. Қазаққа осынау ұлан-ғайыр аумақты сырттан ешкім сыйға тартқан жоқ.

Бүгінгі тарихымыз 1991 жылмен немесе 1936 жылмен өлшенбейді. Халқымыз Қазақ хандығы кезінде де, одан арғы Алтын Орда, Түрік қағанаты, Ғұн, Сақ дәуірінде де осы жерде өмір сүрген, өсіп-өнген. Қысқаша айтқанда, ұлттық тарихымыздың терең тамырлары көне заманның өзегінде жатыр.

Жалпы, тарихпен саясаткерлер емес, тарихшылар айналысуы керек».
Қандай толымды пікір білдіріп отыр. Ресейдің Никоновшылдарына біздің Президентіміз соңғы түйінін айтып отыр. Біздің бабаларымыз Ұлы даланы аттың тұяғымен таптағанда сол Никоновтардың бабалары бар ма еді?!

Біздің бабаларымыз жылқыны ертеп мінгенде олардың бабалары жаяу жүргенін ұмытты ма екен?!
Біздің бабаларымыз шалбар кигенде олардың бабаланы жалаңбұт жүргенін қаперден шығарды ма екен?!
Иә, біздің бабалар қанымен жуылған қасиетті жерімізге ешкім баса-көктеп кіре алмайды. Ол — сөзсіз!

Бақыт Смағұл

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар