295 436 сайлаушы дауыс берді

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары сайлауының облыс аумағындағы өткізілу барысын бақылауға партиялық емес байқаушылар қатысуда. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен кезекті брифингте олар сағат 16.00-ге дейінгі мәліметтер бойынша ақпарат берді.

Ақмола облысының байқаушылары штабының жетекшісі Ерлан Зәкірияновтың айтуынша, 10 қаңтар сағат 16.00-дегі жағдай бойынша өңірімізде 295 436 сайлаушы дауыс беріп үлгерген. Облыс аумағында Молдова, Франция, Финляндия, Ресей және Германия, Польша, Бельгия, Болгария мемлекеттерінен 17 халықаралық байқаушы тіркелген. Олар Ақкөл, Целиноград, Шортанды аудандары мен Көкшетау, Степногорск қалаларындағы сайлау учаскелеріне барып, ондағы сайлаудың барысын байқап көрген. Өңірдегі сайлау процесіне қатысты ешқандай заңбұзушылық фактілері тіркелмеген.

Сондай-ақ, брифингте «Қазақстанның Азаматтық Альянсы» заңды тұлғалар бірлестігі Ақмола облыстық филиалының төрайымы Ирина Терентьева сөз алып, байқаушылар сайлау комиссияларының саяси науқанға жақсы дайындықпен келгенін, олардың арнайы оқытулардан өткендігін, сайлау учаскелерінде санитарлық талаптар қатаң сақталып жатқанын атап өтті.

Сайлау кешкі 20.00-де аяқталады.

Ырысалды ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ.

«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

 41 total views,  2 Views Today

By admin

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Өзге де жаңалықтар