10 қаңтар күні өткен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттардың сайлауына облыс орталығындағы Ақан сері атындағы Көкшетау жоғары мәдениет колледжінде орналасқан №26 сайлау учаскесі де атсалысты.
Мұнда тіркелген барлық сайлаушылардың 38 пайызы, яғни, 1154 сайлаушы дауыс берді.
Сайлау комиссиясының төрайымы Құралай Ыдырысованың айтуынша, сайлау жоғары деңгейде өтті. Барлық сайлаушылар көтеріңкі көңіл-күймен дауыс берген. Солардың ішінде ең үлкені Көкшетау қаласының 95 жастағы тұрғыны. Сайлауға отбасымен келіп дауыс бергендер де болған. Бірінші болып дауыс берген алты адамға сайлау комиссиясының мүшелері естелік сыйлықтар табыс еткен. Айта кетейік, аталған сайлау учаскесінде 14 адам үйде дауыс берген. Бұл да сайлаушылар жағдайына көңіл бөліп, қамқорлық танытудың бір айғағы десек, артық емес.
Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.