Тағы да «қызыл» аймақтамыз

Коронавирус індеті басталғалы бері Ақмола облысы бірнеше мәрте «қызыл» аймақта болды. Сол кезде өңірдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты карантиндік талаптар күшейтіліп, шектеулер қойылғанда індетті жұқтыру азайған еді. Жағдай тұрақталып, карантиндік талаптар жеңілдетіліп еді, қайта «қызыл» аймаққа еніп отырмыз.

Ағымдағы жылдың 10 қаңтарындағы мәліметтерге сүйенетін болсақ, былтырғы наурыз айынан бері аймақта коронавирус жұқтырғандығы лабораториялық жолмен расталған 7835 оқиға тіркеліпті, олардың 4545-і симптомды түріне шалдыққандар, қалған 3290-ында ауру белгілері байқалмаған. Аты жаман дертке ұшырағандардың дені ересектер, олар жалпы санның 91,5 пайызын құрайды. Өкінішке орай, 97 адам аталған індетті жұқтыру салдарынан қайтыс болды.
Қазіргі уақытта облыс стационарларында 438 адам ем қабылдап жатса, тағы 317 науқас амбулаторлық түрде емделуде. Бүгінгі таңда осы коронавируспен күресу үшін әзірленген төсек-орындардың 44 пайызы қолданыста. Індет жұқтырып алған науқастармен қарым-қатынаста болған 3332 адам үй карантинінде және медициналық қызметкерлердің бақылауында.
Өткен жылғы 1 тамыз бен биылғы 10 қаңтар аралығында вирустық пневмонияның 555 жағдайы тіркеліпті.
Соңғы аптада COVID-19 вирусы бойынша 413 оқиға анықталып, репродуктивті өсім өткен аптамен салыстырғанда 1 пайызды құрап отыр. Соңғы бір тәулікте 59 жағдай лабораторлық жолмен анықталса, оның 39-ы індеттің симптомды түріне шалдыққан. Осылардың 29-ы жедел респираторлық вирустық инфекция белгілерімен өздерінің учаскелеріне барғандар, 13-і контактіде болғандар, 17-і кәсіби тексеріс кезінде белгілі болған. Індетке шалдыққандар негізінен ересектер, тек бір оқиғада ғана 14 жасқа дейінгі балада анықталған.
Сол бір тәулікте індет жұқтырғандармен қарым-қатынаста болған 128 адам мониторингке алынды. Індеттің таралуы бойынша өңірлерге жекелей тоқталсақ, Есіл ауданында – 15, Бурабайда – 10, Степногорск қаласында – 9, Атбасарда – 7, Сандықтауда – 7, Жақсыда – 6, Көкшетау қаласында – 4, Жарқайың ауданында 1 жағдай анықталды.
Ырысалды ШАМШИЕВА,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар