Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Балық шаруашылығы комитеті қайта құрылды - АРҚА АЖАРЫ

Балық шаруашылығы комитеті қайта құрылды

Үкімет Қаулысымен Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне қарайтын Балық шаруашылығы комитеті қайта құрылды.

Саланың жеке ведомствоға біріктірілуі жақында қабылданған «Балық шаруашылығын дамытудың 2030 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасын» тиімді жүзеге асыруға, балық өсіру, тұтыну және оны экспорттау көлемін жоспарға сай арттыруға мүмкіндік береді.
Мемлекет басшысы өткен жылғы Жолдауында Қазақстанның балық шаруа-шылығының әлеуеті зор екенін ескере отырып, оны дамытуға баса мән беру қажеттігін айтқан болатын. Бұған дейін Ауыл шаруашылығы министрлігінің құрамында болған Балық шаруашылығы комитеті 2014 жылы таратылған еді. Одан бері балық ресурстарын қорғау, тиімді пайдалану және көбейту саласындағы мемлекеттік саясатты Экология министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитеті жүргізіп келді. Салаға қатысты міндеттердің комитет пен жергілікті атқарушы органдардың және балық шаруашылығындағы өзін-өзі басқару субъектілерінің арасында өзара бөлінуі орталықтандырылған түрде тиімді жұмыс істеуге кедергі келтірді.
Енді жұмысты жүйелі түрде жүргізу арқылы мемлекеттік бағдарламада көрсетілгеніндей, су ресурстарында балық өсіру көлемін 600 мың тоннаға жеткізуге болады. Балық экспортын 300 мың тоннаға дейін арттыру да жоспарда бар. Ол үшін 545 жаңа балық шаруашылығы құрылып, 323 шаруашылық толық жобалық қуатына шығады. Қазіргі уақытта жаңа комитеттің алдында саланы мемлекеттік бағдарламаның жүзеге асырылуына жол ашатындай етіп, мемлекеттік қолдау аясын кеңейту, осыған қатысты заңнаманы жетілдіру, балық жемі өндірісін жолға қою, кадрлық тұрғыдан қамтамасыз ету жұмыстарын атқару міндеттері тұр.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар