Ақмоланың баскетболшы қыздары – Қазақстан чемпионы!

Щучинск қаласында әйелдер командалары арасында баскетболдан Қазақстан Республикасының қысқы чемпионаты аяқталды. Жарыста Ақмола облысының баскетбол қыздар командасы топ жарды.

Ақмола облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, турнир барысында тоғыз команда өзара күш сынасты. Облыс намысын қорғаған Қажымұқан атындағы №3 облыстық мамандандырылған балалар мен жасөспірімдердің олимпиадалық резерв мектебінің командасы үздік нәтиже көрсетті. Ал, екінші және үшінші орындарды елордалықтар мен батысқазақстандық қыздар командасы өзара бөлісті.
Жерлесіміз Кәмила Аманжолова чемпионаттың үздік ойыншысы атанды. Ақмолалық баскетболшы қыздар бапкерлері Татьяна және Виктория Волковалардың жетекшілігімен жаттығады.
Аслан ОСПАНОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар