Коронавируспен ауырған науқасты емдеуге қанша қаражат кетеді?

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ медициналық көмектің сапасын бақылау департаментінің директоры Лаззат Шоманова коронавируспен ауырған адамды емдеуге қанша қаражат кететінін айтты.

–Коронавируспен ауырған науқасты емдеуге қанша қаражат кететіні аурудың қалай өтіп жатқанына байланысты. Сырқат жеңіл, орташа немесе ауыр жағдайда өтуі мүмкін. Орташа деңгейде ауырып жатқан адамға 400 мың теңгеден астам қаражат кетеді. Ауыр түрде ауырып жатқан адамға 800 мың теңгеден астам қаражат жұмсалады. Бұл сомаға барлық зертханалық және диагностикалық қызметтердің құны, сондай-ақ, науқастың ауруханада алатын емі кіреді,– дейді Лаззат Шоманова.

Еске сала кетсек, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының» басқарма төрағасы БолатТөкежанов өткен жылы коронавирус инфекциясымен күрес шеңберінде іс-шараларды қаржыландыру үшін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан да 187,7 миллиард теңге бөлінгенін айтқан болатын.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар