Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Білім беру жүйесіндегі өзгерістерге арналды - АРҚА АЖАРЫ

Білім беру жүйесіндегі өзгерістерге арналды

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ақмола облыстық білім басқармасының басшысы Бейбіт Жүсіпов 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілген білім беру жүйесін басқарудағы өзгерістер жайлы айтып берді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында қаржыландырудың біркелкі еместігін және өңірлердегі білім беруді басқарудың қолданыстағы жүйесінің тиімсіздігін атап өткен болатын. Президент білім беру мекемелерін басқару және бюджеттік әкімшілендіру функцияларын аудандық деңгейден облыстық деңгейге ауыстыруды, сол арқылы білім берудің әрбір деңгейі үшін қаржыландырудың ерекше тәртібін енгізуді тапсырды. Осыған орай, білім беру туралы қолданыстағы заңнамаға өзгертулер енгізіліп, 2021 жылдың 1 қаңтарынан қалалық, аудандық білім беру бөлімдері облыстық білім беру басқармасына қарайтын болды. Ақмола облысы әкімдігінің қаулысымен облыстық коммуналдық меншікке 762 білім беру ұйымы кірді.
Сонымен қатар, брифингте облыстық білім басқармасының басшысы Бейбіт Жүсіпов білім беруді басқару органдарының басшыларын тағайындау және жұмыстан босату тәртібіне де өзгертулер енгізілгенін жеткізді. Басшыларды тағайындау және жұмыстан босату Білім және ғылым министрлігінің келісімі бойынша жүзеге асырылады. Білім басқармалары министрліктің келісімі бойынша білім бөлімдерінің бірінші басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. Бұл ретте аудан әкімдіктерінің мынадай құзыреттері сақталады: жетім балаларды міндетті жұмысқа орналастыру және тұрғын үймен қамтамасыз ету, түлектерді жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу, ауыл-
дарда білім беру ұйымдарына жұмысқа келген жас мамандарды тұрғын үй-тұрмыстық жағдайлармен қамтамасыз етуге жәрдемдесу, білім алушылардың қоғамдық көлікте жеңілдікпен жүру мәселесін қарау.
Брифингте үстіміздегі айдан бастап білім беру ұйымдарында білім беру саласын қаржыландырудың ашықтығын, айқындығын және тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында бұлтты бухгалтерияны енгізу басталатыны туралы да айтылды. Бухгалтерияны, есепке алуды, кадр жұмысын және шығыстарды жоспарлауды автоматтандыру сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге және шығыстардың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
–Жылдан-жылға білім беру саласына жұмсалатын шығын көлемі артып келеді және қаржының қаншалықты тиімді пайдаланылатынын халық білуі керек, – деген Бейбіт Жүсіпов 18-26 қаңтар аралығында білім беру ұйымдарының басшылары мен орынбасарлары аттестаттаудан өтіп жатқанын, аудандық және қалалық білім беру бөлімдерінің функцияларын облыстық деңгейге өткізу кезінде кадрларды қысқарту болмайтынын мәлімдеп, журналистер тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.
Венера ТАЛҒАТҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.
Суретті түсірген
Советбек МАҒЗҰМОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар