Мемлекеттік қызметтің көпшілігі электрондық түрде көрсетілген

2020 жылы облысымызда 6 миллионнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Берген Беспалинов мәлімдеді.  2020 жылы облысымызда 6 миллионнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Берген Беспалинов мәлімдеді. 

Департамент басшысының айтуынша, облыс бойынша мемлекеттік органдардың электронды форматта көрсететін қызметтерінің саны артқан. Бұған былтырдан күні бүгінге дейін жалғасып келе жатқан коронавирус пандемиясының салдарынан мемлекеттік мекемелердің қашықтықтан жұмыс істеу форматына ауысуы да себеп болғаны анық. 2020 жылы мемлекеттік қызметтердің 94,8 пайызы электронды түрде көрсетілген. Бұл көрсеткіш 2019 жылы 83 пайызға тең болды. Департамент басшысының айтуынша, облыс бойынша мемлекеттік органдардың электронды форматта көрсететін қызметтерінің саны артқан. Бұған былтырдан күні бүгінге дейін жалғасып келе жатқан коронавирус пандемиясының салдарынан мемлекеттік мекемелердің қашықтықтан жұмыс істеу форматына ауысуы да себеп болғаны анық. 2020 жылы мемлекеттік қызметтердің 94,8 пайызы электронды түрде көрсетілген. Бұл көрсеткіш 2019 жылы 83 пайызға тең болды. Сонымен қатар, халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің жалпы мөлшерінің өскені байқалады. Өткен жылы барлығы 6 342 918 қызмет көрсетілді.  –Жұмыстың маңызды бөлігі азаматтардың өтініштерін қарау болып табылады. Департамент мемлекеттік қызмет көрсету бойынша 50 бақылау шарасын өткізді. Оның қорытындысы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы 13 хаттама толтырылды. 10 мемлекеттік қызметші тәртіптік жауапкершілікке тартылды, – деген Берген Беспалинов тәртіптік істерді қарау кезінде 18 мемлекеттік қызметші жауапкершілікке тартылғанын, 37 тексеру жүргізілгенін хабарлады. Сондай-ақ, 12 өтініш берушінің құқықтары қалпына келтірілген.  Брифингте облысымыздағы мемлекеттік қызметшілердің сапалық құрамы жақсарып келе жатқандығы да айтылды. Бүгінгі күні облыстағы  691 мемлекеттік органда 5021 мемлекеттік қызметші жұмыс істейді. Бос орындар саны 605-ті немесе 10,7 пайызды құрайды.  – Өңірдегі мемлекеттік қызметшілердің сапалық құрамы жақсаруда. Жыл са-йын жоғары кәсіби білімі бар мамандар саны артып келеді. Мысалы, 2019 жылы олардың үлесі 80 пайызды құраса, 2020 жылдың қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 88 пайызға тең. Гендерлік саясат ойдағыдай іске асырылуда. Мемлекеттік қызметшілердің 65,3 пайызын әйелдер құрайды. Олардың 20 пайызы басшылық лауазымдарда жұмыс атқаруда, – деді департамент басшысы. Венера ТАЛҒАТҚЫЗЫ,«Арқа ажарының» өз тілшісі. Суретті түсірген Советбек МАҒЗҰМОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар