Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті сақтауда айтарлықтай жұмыстар атқарылды - АРҚА АЖАРЫ

Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті сақтауда айтарлықтай жұмыстар атқарылды

Облыс әкімі Ермек Маржықпаевтың төрағалығымен өңірде қоғамдық тәртіпті және қауіпсіздікті сақтауды қамтамасыз ету бағытындағы  облыстық полиция департаментінің 2020 жылғы жедел-қызметтік жұмысының қорытындылары мен алдағы міндеттері туралы мәжіліс өтті. Карантиндік талаптар мен әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып өткен жиында қызметтік міндеттерін абыроймен атқарып, жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген бір топ сала қызметкерлері түрлі деңгейдегі наградалармен марапатталды.

Жиында облыстық полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Арманбек Баймурзин өткен жылы атқарылған жұмыстар мен биылғы жылғы міндеттерге тоқталды. Оның айтуынша, 2020 жыл Ақмола облысының полициясы үшін ауыр және өте жауапты жыл болды. Полиция қызметкерлері ауа райының қиын жағдайларында тәулік бойы қызмет етуге, «төтенше жағдай» кезеңінде азаматтардың қауіпсіздігін ұйымдастыруға, карантиндік жағдайларда, оның ішінде блок-бекеттерде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге тура келді.
Кешенді шараларды іске асыру нәтижесінде жедел жағдайды бақылауды қамтамасыз етуге мүмкіндік туды. Қылмыстарды тіркеу шамамен 36 пайызға төмендеді, орташа республикалық төмендеу 34 пайыз болды. Оның ішінде ауырлығы орташа қылмыстар 52 пайызға, онша ауыр емес 42 пайызға төмендеп отыр. Сонымен бірге, қарақшылықты, бұзақылық, ұрлық, жасөсіпірімдер қылмысының саны да кеміген. Облыста кең тараған қылмыстардың бірі, ол алаяқтық болып отыр. Осы бойынша 145-тен астам қылмыс дәлелденген.
– Ағымдағы жылдың бірінші қаңтарынан бастап Мемлекет Басшысының Жолдауын іске асыру аясында қылмыстық істерді тергеудің үш буынды моделі енгізілді. Енді уақытта тергеу құқығына ие тұлғалар негізгі тергеу шаралары бойынша электронды форматта прокурорлармен келісетін болады. Департамент қоғамдық тәртіп пен тыныштықты сақтау, қылмыспен, құқық бұзушылықпен күресуде  орын алған кемшіліктерді жою, Мемлекет басшысы мен Үкіметтің қылмысқа қарсы күрес саласындағы және облыс аумағында құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі нұсқауларын іске асыру бойынша барлық қажетті шараларды қабылдайтын болады,  –  деп атап өтті департамент бастығы Арманбек Баймурзин.
Жиында сөз алған облыс әкімі Ермек Маржықпаев өңірде қылмыс саны азайып келе жатқандығын, соған қарамастан, әлі де қоғамдық тәртіп пен қауірсіздікті қамтасыз ету бағытында айтарлық жұмыс істеу керектігін атап өтті.

– Бүгінгі күні құқық қорғау саласы айтарлықтай дамып, тәртіп сақшыларына келелі міндет жүктеліп отыр. Осы ретте, полиция органдарының материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етілуіне көп көңіл бөлініп келеді. Соңғы үш жылдың ішінде біз автокөліктер паркін жаңарттық. Жақында жаңа тұрғын үйден бірнеше полиция қызметкері баспаналы болды. Мұның барлығы қоғамдық тәртіпті және қауіпсіздікті сақтауды қамтамасыз ету бағытында полиция қызметкерлерінің жұмыс істеуіне қолайлы жағдай жасау үшін қолға алынып отырған шаралар,  –  дей келе, облыс басшысы Ермек Маржықпаев полиция қызметіне әкімдік тарапынан бөлініп отырған шараларға тоқталды. – Бурабай ауданында полиция бөлімінің жаңа әкімшілік ғимараты іске қосылды, бұдан бөлек 100 қызметкер өзінің тұрмыстық жағдайларын жақсартып, баспаналы болды. Аудандық ішкі істер бөлімінің ғимаратына жөндеу жұмыстарына қаржы бөліп келеміз, Көкшетау қаласында қазіргі замаңға сай жаңа полиция басқармасы ғимаратын салу қажет және мұндай жұмыстар одан әрі жалғасатын болады.
Сонымен бірге, жиында Ақмола облысының прокуроры, аға әділет кеңесшісі Айдос Майлыбаев, Көкшетау қалалық полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Жанатбек Ешімов және  Степногорск қалалық полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Нұржан Рахметуллаев сөз сөйледі.
Жиында полицияның оң имиджін қалыптастыру, қылмыс пен құқық бұзушылықтарды алдын алуда кәсіби шеберлік тантып, жоғары нәтижелермен көзге түскен бір топ сала қызметкерлері түрлі деңгейдегі наградалармен марапатталды.

Аслан ОСПАНОВ,
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар