Дмитрий Медведев коронавирусқа қарсы екпе жасатты

ГОРКИ. ТАСС-ҚазАқпарат – Ресей Федерациясы Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведев коронавирусқа қарсы екпе жасағанын хабарлады, деп жазады ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

«Мен екі ай бұрын ресейлік вакциналардың бірін алдым», – деді Дмитрий Медведев ресейлік БАҚ-қа берген сұхбатында. Ол белгілі бір препаратты «қандай да бір вакцина басқасынан жақсы деген сезім болмас үшін» атын атамайтынын түсіндірді. «Вакцинацияның біраз әуресі бар: қан тапсыру керек, денеңіздің қандай күйде екенін және иммундық жағдайыңызды білуіңіз керек (бұл жасқа байланысты, жынысына байланысты, өкінішке орай, ер адамдарға бұл коронавирус инфекциясы ауыр тиеді)», – деді кеңес төрағасының орынбасары. «Біздің барлық вакциналарымыз тиімді және қабілетті, бірақ егер сіз біреуін таңдасаңыз, дәрігермен кеңесуіңіз керек. Бірақ мұны істеу керек», – деді Медведев. Ол вакцинацияның қалай өткендігі туралы кейбір мәліметтермен бөлісті. «Өте тыныш. Салдарсыз», – деді Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының орынбасары. Естеріңізге сала кетейік, бүгін, 1 ақпанда Қазақстанда коронавирусқа қарсы жаппай вакцинация басталды. Алғашқы болып Қазақстанның Мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов пен денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният егілді. Ажар Гиният вакцина вирусқа қарсы алғашқы қорғаныс құралы екенін айтты. Қазақстанның Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов қазақстандықтардың 50%-дан астамын локдаундарсыз өмірге оралу үшін егу қажет екенін түсіндірді.

https://www.inform.kz/kz/dmitriy-medvedev-koronaviruska-karsy-ekpe-zhasatty_a3747922

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар