Алаңдауға негіз жоқ

Елімізде қауіпті індет коронавирус пандемиясына қарсы вакцина алу басталды. Осыған орай, мамандар екпе алғандарда алғашқы үш күнге дейін тұмау белгілері байқалуы мүмкін екенін айтады.

Нақтырақ айтсақ, вакцинаны қабылдағандарда дене қызуының көтерілуі немесе бұлшық ет әлсіздігі білінеді, деген– дейді Қоғамдық денсаулық сақтау саласының маманы, медицина ғылымдарының магистры Маржан Мырзалы.

– Вакцина салған орын сәл ісіп кетуі қалыпты жағдай болып саналады. Тек аллергияға қарсы препарат қабылдаған жеткілікті. Алайда, екпеден кейін дене қызуы 40 градусқа дейін көтерілсе, міндетті түрде дәрігерге хабарласқан жөн. Коронавирусқа қарсы вакцина салдырмас бұрын алкоголь ішуге болмайды. Балалар мен бала емізіп жүрген аналарға екпе салынбайды.

Сондай-ақ, вакцина – иммунобиологиялық препарат болғандықтан, қарсы көрсетілімдері бар. Сол себепті, ағзаға енгізілгеннен кейін реакциялар береді. Демек, қызу көтеріліп, ісіну белгілерінің байқалуы қалыпты жағдай. Сондықтан, алаңдауға негіз жоқ. Барынша күтініп, сабыр сақтаған жөн.

Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар