Вирус жойылып кетпейді бірақ, вакцинадан үміт бар

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілі Мелита Вуйнович коронавирустық пандемия қашан аяқталуы мүмкін екенін айтты.

Оның айтуынша, биылғы жылы COVID-19 ауруының жағдайы қалай дамитыны туралы нақты болжам жоқ екен. Өйткені, пандемия аяқталмайды және вирустың жойылып кетпейтіні анық. Алайда, Вуйнович вакциналар туралы соңғы жаңалықтар көңілге үміт ұялатып, келер күннен жақсылық күте бастағандар көбейгенін айтады.

Оның мәліметінше, көптеген елдердің жаппай вакцинацияны қолға алғаны оң нәтиже береді. Ағзаға салынатын вакциналар пандемияны тоқтатуы мүмкін екенін, бірақ, олар барлық мәселелерді шеше алмайтынын да алға тартады. Сондықтан, ол инфекцияның таралуын шектейтін шараларды тоқтатпау керегін ескертті. Бұдан шығатын қорытынды, вирус мүлде жойылып кетпейді. Сол себепті, санитарлық режимді қатаң сақтай отырып, маска кию, антисептикалық құралдарды пайдалануды тоқтатпау керек.

Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар