Азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша заңнамаға түзетулер енгізіледі

Өңірдің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Алтын Акбарова азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша заңнамаға түзетулер енгізілгенін хабарлады.

Заң жобасы мүгедек адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2025 жылға дейінгі ұлттық жоспарды орындау шеңберінде әзірленді, Үкімет, жұртшылық және сарапшылар қоғамдастығы жанындағы мүгедек адамдар мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесінің ұсыныстары енгізілді.
Заң жобасы 75 заңнамалық актіге, оның ішінде 10 кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейді.
Заң жобасы: мүгедек адамдардың құқықтары туралы БҰҰ Конвенциясының заңнамадағы кемсітушілік терминдерді жою жөніндегі нормаларын имплементациялау; мүгедек адамдарды әлеуметтік қорғауды жетілдіру; мүгедек адамдардың жұмысқа орналасуын ынталандыру және экономикалық белсенділігі үшін мүмкіндіктер жасау; аз қамтылған отбасыларды кепілдік берілген әлеуметтік пакетпен қамтамасыз ету, әлеуметтік қызметтер порталы арқылы арнаулы әлеуметтік қызметтер мен инватакси алуға құжаттар ресімдеу (2023 жылдан бастап) мақсатында әзірленді. Сондай-ақ, құжат «еңбек ардагері» санатын кеңейтуді және еңбек қызметі қайта басталған жағдайда бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемнің кепілді деңгейін белгілеуді көздейді.
Бірінші. «Nur Otan» партиясының сайлауалды тұғырнамасын іске асыру шеңберінде мүгедектіктің себебіне қарамастан, I топтағы мүгедектерге күтім жасайтын адамдарға жәрдемақы енгізу көзделеді. Бұл құралмен Ақмола облысында шамамен 4 мың адам қамтылады.
Екінші. 7 жастан 16 жасқа дейінгі балаларды мүгедектік топтары бо-йынша бөлу ұсынылады және оларға жәрдемақылардың мөлшері ұлғаю жағына қарай қайта қаралатын болады. Шара Ақмола облысында 2 мыңнан астам адамды қамтиды.
Үшінші. Мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бо-йынша жәрдемақыларды бір мезгілде алу құқығын беру. Бұл асыраушысынан айырылған және құрамында мүгедек балалары бар отбасылардың табыс деңгейін арттыруға мүмкіндік береді. Шара 2 мыңға жуық мүгедек балаға қатысты болады.
Төртінші. «Nur Otan» партиясының сайлауалды тұғырнамасын іске асыру шеңберінде, сондай-ақ, халықаралық тәжірибені (Жапония, Германия, Франция) ескере отырып, мүгедек адамдарды жұмысқа орналастыру жөніндегі квотаны орындаудың баламасы ретінде 2023 жылдан бастап жұмыс берушілер үшін өтемақы жарналарын енгізу ұсынылады. Шоғырландырылған қаражат жұмыспен қамтуға жәрдемдесуге: арнайы жұмыс орындарын құратын жұмыс берушілердің шығындарын субсидиялауға; мүгедек адамдарды жұмысқа орналастыру үшін қажетті дағдыларға оқытуды ұйымдастыруға бағытталатын болады; әлеуетті жұмыс берушілерде мүгедектігі бар адамдардың ақылы тағылымдамаларын ұйымдастыру.
Бесінші. Жұмыс берушінің міндеттемелерін орындау мүмкін болмаған жағдайда мемлекет есебінен техникалық оңалту құралдарымен қамтамасыз ету түрінде еңбек жарақатынан немесе кәсіптік аурудан мүгедек болған адамдарға әлеуметтік қолдау көрсету ұсынылады.
Алтыншы. Мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардың кәмелетке толғаннан кейін және бала I және II топтағы мүгедек мәртебесіне көшкеннен кейін мемлекеттік қордан тұрғын үй алғанға дейін есепте тұру құқығы сақталатын болады.
Жетінші. Еңбек қызметі қайта басталған жағдайда, бала 1 жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем сомасының кепілдік берілген деңгейін (республикалық бюджеттен 1 жасқа дейінгі бала күтімі бойынша осындай ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы деңгейінде) белгілеу.
Сегізінші. Мүгедек баланы күту кезеңін 18 жасқа дейін ұзарту, бұрын мүгедек баланы күту кезеңі 16 жасқа дейін ескерілді. Бұл норма мүгедек балалардың жас топтарының өзгеруіне байланысты енгізіледі. Ол жасына байланысты зейнетақы төлемдері мен базалық зейнетақы тағайындауға оң әсерін тигізеді.
Тұтастай алғанда, заң жобасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдау, атаулы әлеуметтік көмек және зейнетақымен қамсыздандыру мәселелерін қоса алғанда, мемлекеттің базалық әлеуметтік кепілдіктерді қамтамасыз етуінің өзекті мәселелері көрсетілген. Заң жобасын қабылдау бюджет қаражатын қосымша бөлуді талап етпейді, 2021-2023 жылдарға бөлінген қаражат шеңберінде іске асырылатын болады.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар