Қасым-Жомарт Tоқаев: Мұқағали поэзиясы – күллі қазақтың болмыс-бітімі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мұқағали Мақатаевтың туғанына 90 жыл толған мерейтой Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Tоқаев Тwitter-дегі парақшасында жазды.
«Бүгін – ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 90 жыл. Мұқағали поэзиясы – күллі қазақтың болмыс-бітімі. Оның сырлы сезімге толы жырлары қалың оқырманның жүрегінен орын алды. Ақын мерейтойы Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр. Бұл – әр қазақтың шаңырағындағы мерейлі той» делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін қазақтың ақиық ақыны Мұқағали (Мұхамедқали) Сүлейменұлы Мақатаевтың туғанына тура 90 жыл толғанын жазған едік.
https://www.inform.kz/kz/kasym-zhomart-tokaev-mukagali-poeziyasy-kulli-kazaktyn-bolmys-bitimi_a3750908

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар