Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Вакцинадан кейін ағзада иммунитет қанша уақыт сақталады? - АРҚА АЖАРЫ

Вакцинадан кейін ағзада иммунитет қанша уақыт сақталады?

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында UMC клиникалық иммунобиология, аллергология және пульмонология бағдарламасының жетекшісі, «АстМУ» КеАҚ Нефрология, гемотология, аллергология және иммуннология курсымен ішкі аурулар кафедрасының аға оқытушысы Елена Ковзель коронавирусқа қарсы вакцинадан кейін ағзада иммунитеттің қаншалықты сақталатыны уақыт еншісінде деп мәлімдеме жасады.

Жалпы, жуырда жарияланған бір материалда «Спутник V» вакцинасы Ұлыбританияда жаңа штамға протективті әсер еткені жазылды. Осылайша, Ұлыбританияда, Испанияда жүргізілген ғылыми зерттеулер вирустың әртүрлі штамы, соның ішінде қарапайым суық коронавирус арасында кросс-реактивтіліктің бар екенін көрсетті. Олар зертханалық зерттеулер бойынша COVID – 19 бар халықтың 20-50 пайызын және Т-жасушалық жадта 19 пайызды көрсеткен. Мұның бәрі адамның ауру көріністерінің гетерогенділігін түсіндіреді және «Спутник-V» коронавирус басқа штамдарынан қорғану қабілетін ғылыми дәлелдегенін айтады Елена Ковзель.

Міне, сондықтан коронавирусқа қарсы вакцинадан кейін иммунитеттің адам ағзасында қанша сақталатынын уақыт көрсетеді. Жалпы, ғылыми негіздегі зерттеулер бойынша оның тұмау вирусымен ұқсастығы байқалады. Әзірге клиникалық зерттеулер аясында вакцинацияланған адамдардың иммунитетін ғана мысал ретінде қарауға болады. Аурудан кейін антидене деңгейі біртіндеп төмендейтінін және кейбір жеңіл түрде ауырған науқастарда мүлдем анықталмайтындығын ескере отырып, вакцинацияны қайталау керектігін алға тартады.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар