Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Сайлауалды бағдарламаны іске асырудың міндеттері қаралды - АРҚА АЖАРЫ

Сайлауалды бағдарламаны іске асырудың міндеттері қаралды

«Nur Otan» партиясы облыстық филиалында өткен партияның депутаттық фракциясының отырысында партияның сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасы талқыланды. Фракция отырысына облыс әкімінің орынбасары Мәлғаждар Тәткеев, партияның облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетов пен облыстық мәслихат хатшысы Мұрат Балпан, сондай-ақ, бірқатар ведомстволардың басшылары, фракция мүшелері мен депутаттар қатысты.

Күн тәртібінде қаралған негізгі мәселе партияның сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасы еді. Отырысты ашып, жүргізіп отырған партияның облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетов «Nur Otan» партиясы орталық аппаратының тапсырмасына сәйкес сайлау кезеңі басталғанға дейін 2021-2025 жылдарға арналған аумақтарды дамыту бағдарламалары негізінде әр қала мен аудан үшін сайлауалды бағдарламалары әзірленгенін, сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп партияның сайлауалды бағдарламасын іске асырудың әр жылға арналған нақты индикаторлары белгіленгенін айтты. Сол бойынша жол карталары әзірленіп, қоғамдық талқылауға ұсынылған. Сайлауалды бағдарламалар әр облыстың ерекшеліктерін ескере отырып, бес жылдық кезеңге арналған, аймақтың негізгі мақсаттары мен міндеттерін анықтайтын жеті басым бағыт бойынша дайындалған. Партияның биылғы сайлауалды бағдарламаларының ерекшелігі – оның әр аудан мен қалаға бөлек әзірленуінде. Осы ретте, Ақмола облысы бойынша 20 сайлауалды бағдарлама, оның ішінде бір облыстық, екі қалалық және 17 аудандық бағдарлама әзірленіп, облыстық және аумақтық конференцияларда мақұлданған.
Отырыста сөз алған облыс әкімінің орынбасары Мәлғаждар Тәткеев сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасын таныстырып, әр индикатор бойынша қанша қаржыландыру қарастырылғанын, қай бағыттар бойынша қаражат жетіспей тұрғанын түсіндіріп өтті. Сондай-ақ, басқарма басшылары, қалалар мен аудандардың әкімдері өте қысқа мерзімде салалық министрліктерге бюджеттік өтінімдер жолдау қажеттігін және жобаларды республикалық бюджет есебінен қаржыландыру мәселесін шешу керектігін айтты.
Одан кейін әр салалық индикаторларға қол жеткізу мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар туралы бірқатар ведомстволар басшыларының баяндамалары тыңдалды.
Жалпы, сайлауалды бағдарламаны іске асыру бойынша Ақмола облысының жол картасында 29 мақсатты индикатор бар, олардың орындалу мерзімі бірнеше жылға белгіленген және жауапты орындаушылары да бар. 2021-2025 жылдар аралығында бұрын басталған төрт денсаулық сақтау нысандарының құрылысын аяқтау, сонымен қатар, жаңадан төрт денсаулық сақтау нысанын салу жоспарланып отыр. Олар Көкшетаудағы көпсалалы облыстық аурухана мен жедел жәрдем станциясы, Біржан сал ауданындағы аурухана мен емхана, Целиноград ауданның Қараөткел ауылындағы дәрігерлік амбулатория мен Қоянды ауылында алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталығының құрылысы. Сонымен қатар, алдағы бес жылда 11 жаңа мектеп пен 4 қосымша оқу ғимаратын салу арқылы үш ауысымдық оқытуды жою жоспарлануда.
Венера ТАЛҒАТҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар