Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қашан «мемлекеттік тіл – тірегім, оны білемін» дейтін боламыз?!. - АРҚА АЖАРЫ

Қашан «мемлекеттік тіл – тірегім, оны білемін» дейтін боламыз?!.

Жуырда «Ақмола облысының өзбек ұлттық-мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы ретінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Мемлекеттік тіл – барлық қазақстандықтарды топтастырудың маңызды факторы» тақырыбындағы кездесуге қатыстым.

Кездесу барысында онлайн форматында Көкшетау қаласының №5 көпсалалы «Таңдау» гимназиясының ұстаздары мен 9-10 сынып оқушыларымен сұхбаттастық. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауындағы «Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңі келді деп есептеймін» деген ойы жайлы өз пікірімді айттым. Жаһандану заманында осы қазақ тілінің болашағын қалай елестететінім жайлы ойыммен бөлістім. Кездесу өте мазмұнды өтті. Оқушылар мен ұстаздар да өз пікірлерін ортаға салып, мемлекеттік тілдің маңыздылығына үлкен көңіл бөлінді.
Қазақ тілі өміршең болсын десек, мемлекеттік тілді үнемі қолданып, оның дамуына қолдау көрсетуіміз қажет. Қазақстанды Отаным деп санайтын әр азамат қазақ тілін үйренгені абзал. Ұлтым өзбек болса да, Қазақстан азаматы екенімді мақтанышпен айтамын. Мемлекеттік тілді еркін меңгергенім еңбек жолымдағы жетістіктерге жетуіме де септігін тигізді деп есептеймін. Тілді қолдану аясын кеңейту жолында еліміздің болашағы жас ұрпақпен кездесіп, насихаттау жұмысын жүргізуде өз үлесімді қосқаныма қуаныштымын.
Тожибуви МЕДЕТОВА,
Ақмола облысының өзбек ұлттық-мәдени орталығының төрайымы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар