Медиация саласындағы жұмыс жетілдіріле түседі

Достық үйінде сот қызметкерлері, кәсіптік және қоғамдық медиаторлардың, Қазақстан халқы Ақмола Ассамблеясы, Қоғамдық келісім кеңесі, Аналар кеңесі сияқты қоғамдық құрылымдар өкілдерінің қатысуымен «Медиация саласындағы жұмысты жетілдіру» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы болып өтті.

Онда «Қоғамдық келісім» мекемесінің директоры Ермек Нұғыманов сөз сөйлеп, медиация институтын дамыту жөніндегі жобаны іске асыру аясында Достық үйі этносаралық шиеленістің, қоғамдағы этносаралық ксенофобияның алдын алу шараларын әзірлеу бойынша жұмысты сапалы жаңа деңгейге көтеруді жоспарлап отырғанын атап өтті. Осы мақсатта Қазақстан халқы Ассамблеясы желісі бойынша 1 бөлме және 38 медиация алаңы жұмыс істейді. Онда 9 кәсіби және 324 қоғамдық медиатор өз қызметін жүзеге асырады.
Қазақстан халқы Ақмола Ассамблеясының әлеуметтік желілердегі парақшаларында «Ашық әнгіме» айдары іске қосылды, «Қоғамдық келісім»  сайтында «Медиаторға өтінім»  қосымшасы жұмыс істейді. Оның көмегімен онлайн режимінде кәсіби медиатордың ақыл-кеңесіне өтінім беруге болады. Осы бағытта нақты нәтижелерге қол жеткізу үшін Достық үйі соттармен, кәсіби медиаторлармен тығыз ынтымақтастықты одан әрі жалғастырады.
«Халықаралық медиация орталығы» республикалық қоғамдық бірлестігі өкілдігінің басшысы Талғат Бейсембаев этносаралық қатынастар саласында жұмыс істейтін қоғамдық медиаторларға әдістемелік, консультативтік көмек көрсетуге дайын екенін білдірді. Одан әрі кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі ауданаралық мамандандырылған сотының төрайымы Айсұлу Жұматова отбасылық медиация саласындағы жұмыс тәжірибесімен бөлісті, мақсаты жанжалдасушы тараптарды сотқа дейін татуластыру болып табылатын «отбасылық сот» жобасы туралы айтып берді. Ол үшін аудандық, қалалық соттар жанынан психологтар, қорғаншылық органдарының қызметкерлері, Қазақстан халқы Ақмола Ассамблеясы қоғамдық құрылымдары – Аналар кеңесі, Билер кеңесі, Әкелер  кеңесі отбасылық консультациялар беру ұйымын құруды ұсынды. Сөз сөйлеген Ақмола облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғосман Төлеғұл, Көкшетау қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Шияп Әлиев, Зеренді ауданының Аналар кеңесінің төрайымы Күләш Рақымжанова татуластыру рәсімдерін өткізу, отбасындағы, еңбек ұжымдарындағы даулы мәселелердегі істі сотқа жеткізбей шешу үшін, Билер кеңесінің, Аналар кеңесінің, Қоғамдық келісім кеңестерінің мүшелерін белсенді пайдалануды ұсынды.
Дөңгелек үстел аясында медиация кабинетінің тұсаукесері өтіп, «Қоғамдық келісім» мен «Халықаралық медиация орталығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілдігі арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.
Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар