Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Инклюзивті білім беруге арналған ресурстық кабинет ашылды - АРҚА АЖАРЫ

Инклюзивті білім беруге арналған ресурстық кабинет ашылды

Целиноград ауданының Талапкер ауылындағы жалпы білім беретін мектепте инклюзивті білім беруді қолдауға бағытталған ресурстық кабинет ашылып, жұмыс істей бастады.

Бұл кабинет ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды жалпы білім беру үдерісіне тиімді қосу үшін жағдай жасайды. Ресурстық кабинет АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігінің шағын гранттар бағдарламасының қолдауымен Ақмола облыстық білім басқармасы мен «Дара» жеке қорының «Кедергісіз мектеп» бірлескен жобасы аясында ашылды.
Инклюзивті білім беру – бұл баршаға сапалы білімнің қолжетімділігін қамтамасыз етуге арналған білім беру жүйесін қайта құру бағыттарының бірі. Облыстық білім басқармасының мәліметінше, өңірде ерекше білім беру қажеттіліктері бар 9 мыңнан астам бала бар, оның 2,5 мыңнан астамы қазіргі таңда өңіріміздің орта мектептерінде білім алып жатыр.
Жоғарыда аталған мектептегі инклюзивті білім беруді қолдау ресурстық кабинеті – бұл төрт аймақтан тұратын заманауи кеңістік. Атап айтқанда, ата-аналарға кеңес беру аймағы, баланың демалу аймағы, мұғалімдер мен мамандардың ұжымдық жұмыс аймағы, сонымен қатар жеке сабақтар өткізуге арналған аймақ. Осылайша мектепте кез-келген білім алушы баланың дамуына қолайлы жағдай жасалады.
Ресурстық кабинетте үйде оқытылатын балаларға ерекше назар аударылады. Себебі, ерекше білім беруде қажеттіліктері бар балаларға мектеп пен мұғалімдер тарапынан әдістемелік, ұйымдастырушылық және ақпараттық қолдау, қоршаған ортаға бейімдеу, жеке білім беру бағыттарын құру, ал, кейбір жағдайларда арнайы мұғалімдердің қолдауы секілді кешенді және жүйелі білім беру қажет. Осы орайда, облыстық білім басқармасы мұғалімдерді оқыту, Қазақстанның басқа аймақтарындағы мектеп өкілдерімен тәжірибе алмасу, жалпы орта және арнайы білім беру жүйелерінің мамандары арасында топтық жұмыс жасауды жоспарлап отыр.
2020-2025 жылдарға арналған білім мен ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2025 жылға дейін инклюзивті білім беруді қолдау жөніндегі ресурстық кабинеттер желісін кеңейту үшін облыста тағы 103 кабинет ашу жоспарланыпты. Қазіргі таңда облыста инклюзивті білім беруді қолдау бойынша 6 ресурстық кабинет және Көкшетау қаласында 1 инклюзивті білім беруді дамытудың ресурстық орталығы бар.
«Кедергісіз мектеп» жобасын «Дара» жеке қоры АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігінің шағын гранттар бағдарламасының қолдауымен жүзеге асырады. Жобаның мақсаты – орта мектептер базасында инклюзивті білім беруді қолдау ресурстарын ашу арқылы инклюзивті білім беруді насихаттау. Әрбір ресурстық кеңсе арнайы білім беру қажеттіліктері бар балаларды тек өз мектебіне ғана емес, сонымен қатар ауданның басқа жақын орналасқан мектептеріндегі мұғалімдер мен оқушыларына да қолдау көрсете алады.

Ырысалды ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар